СҰХБАТ
Әке – асқар тау! Осы асқар тауға қарап, ер балалар бой да, ой да түзейді. Әкесінің болмыс-бітімін бойларына сіңіріп, оған ұқсап бағуға тырысады. Қыз бала әкесінің мейірім-шуағына бөленіп, сүйіспеншілігін сезініп, тәлімді тәрбиесін алса, болашақта өз отбасында ерімен жарасып, жақсы қарым-қатынас орнатып, сыйластықта өмір сүреді. Әлмисақтан бала тәрбиесіне ана ғана емес, әке де жауапты. Осыған орай, бүгінгі таңда елімізде Әкелер одақтары құрылып, белсенді жұмыс жүргізуде. Осы ретте, Әкелер одағының Ақмола облысындағы филиалының төрағасы Ерлан Закирьяновпен кездесіп, ұйымның жұмысы, қоғамдағы әкелер рөлі туралы әңгімелескен болатынбыз.
– Құрметті Ерлан Жәкімұлы, «Арқа ажарының» оқырмандарына Ақмола облысындағы Әкелер одағының жұмысы туралы айтып берсеңіз. Аталмыш ұйым елімізде жалпы не мақсатта құрылған?
– «Әкелеродағы» республикалық қоғамдықбірлестігі 2012 жылдыңтамызайындақұрылса, Ақмола облысындағы филиалы 2019 жылы ашылды.Ұйымныңнегізгімақсатыбала тәрбиесіне әкелердіқатыстыру және олардыоқуорындарының қоғамдыққызметінебелсенді тарту, сондай-ақ, әкелердіңбеделіннығайтубағытындағыіс-шаралардыжандандыру болып табылады. Одақ құрылғалы жыл сайын еліміздің бір облыс орталығында республикалық әкелер форумы ұйымдастырылады. Оған Мемлекет басшысының Кеңесшісі Ерлан Қариннан бастап, Білім, Денсаулық сақтау министрліктері және Парламент депутаттары қатысып, Әкелер одағының жұмысына қатысты түрлі ой-пікірлер тыңдалып, ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер қаралады, оларды шешу жолдары талқыланады. 2019 жылы Бурабайда Әкелер одағының ІV республикалық форумы өтті. Сонда мен филиал төрағасы болып сайланып, облыстағы әкелер ұйымының жұмысын өз қолыма алдым. Содан бері облыс аумағында, атап айтқанда, Зеренді, Бурабай, Ерейментау, Бұланды, Егіндікөл аудандарында және Қосшы қаласында Әкелер одағының аудандық және қалалық филиалдарын ашып, жоспарлы жұмыстар жүргізіп келеміз. Алдағы уақытта Қорғалжын ауданында да одақтың филиалын ашып, сол жақта да аудандық деңгейде бір форум ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Ұйымды ашуға аудандық әкімдік пен білім бөлімі үлкен қолдау көрсетуде.
Жалпы, Әкелер одақтары ережеге сай, қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орната отырып, жастарды әке болуға дайындайды, ерлі-зайыптылар арасында ажырасу процестерін азайтуға атсалысады, толық отбасы болу, әке мен бала, ата-ана мен балалар қатынасын нығайтуға көмектеседі.Осы ретте, әкелерді мектеп, балабақша қабырғасында өтетін түрлі шараларға белсенді қатыстырып, үлгілі әкелердің тәрбие берудегі тәжірибесін қоғамға насихаттайды, әкелер институтының жұмысын дамыта отырып, отбасылардың өміршеңдігін сақтауға әжептәуір үлес қосады. Осы уақытқа дейінне бітірдіңіздер деген сұрақ қоятын болсаңыз, облыстың әр мектебінде әкелер клубтарын аштық, қазір олар белсенді жұмыс істеуде. Бұл клубтарды ашудағы мақсатымыз – балалар тәрбиесіндегі әкелер рөлін арттыру. Кез келген іс-шараны ұйымдастырарда біз ішкі саясат, білім, денсаулық сақтау басқармаларымен, заң және құқық қорғау, мемлекеттік және атқарушы органдармен ынтымақтаса отырып,жұмыс істейміз. Мектептің қоғамдық жұмыстарына әкелердіңбелсендіқатысуыбалаларғаүлгіболып, олардыңпсихологиялықжәнеәлеуметтікдамуынаоңәсеретеді. Бұлтуралымектепбасшылығынемесемұғалімдержиіайтыпотыруымаңызды.
– Әкелер одағы және мектептердегі клубтар бала тәрбиесінде қандай рөл атқарып жатыр?
– Жуырда біздің республикалық Әкелер одағының төрағасы Мақсұтбек Аймағанбет мырза ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастық Меморандумына қол қойды. Соның аясында одақтың облыстық филиалдары төрағаларының қатысуымен «Баланың дүниеге келуінен бастап, 7 жасқа дейін дамуы» және «Инфекция деген не?» деген екі-үш күндік курс ұйымдастырылды. ЮНИСЕФ-тің мамандары бізді осы екі бағытта оқытты. Кейін мен облыстық филиал төрағасы ретінде ЮНИСЕФ-тің мамандарымен бірлесіп, облыс орталығында семинарлар өткіздім.30 мектеп пен 30 балабақшаның ата-аналарын жинап, осы тақырыптарды талқыладық. Біздің мұндағы басты мақсатымыз, ата-аналар кейін балалары оқитын білім ордаларына барып, ата-аналар жиындарында әрмен қарай осы тақырыптарды жеткізіп, осындай мәселелердің болуын, оның шешу жолдарын түсіндіреді. Семинарда біз балаға көбірек уақыт бөлу, баланы туғаннан бастап қалай тәрбиелеу керек деген бағытта сабақтар жүргіздік. Денсаулығында кінәраты бар балаларды дер кезінде мамандарға көрсету, педиатор, психо-терапевтермен тығыз жұмыс істеу барысы түсіндірілді. Инфекциялар тақырыбы барысында тамақтан уланудың алдын алудан бастап, үй жануарларынан жұғатын инфекциялардан қорғану туралы жан-жақты мағлұматбердік.
Сонымен бірге, биыл облыста Ш.Уәлиханов және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеттерінде, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде, Көкшетау қаласындағы №3, №11 мектептерде Әкелер форумдары ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта облыстың барлық аудандарындағы білім беру мекемелерінде әкелер клубтары көптеп ашылуда. Себебі, қоғам қазіргі замандағы балалар тәрбиесінде әкелердің рөлі зор екендігін енді түсініп жатыр. Ананың бала өміріндегі орны бір бөлек болса, әкенің де орны бір төбе. Бұрын кеңес заманында біздің тәрбиемізге әкелеріміз аса қатыса бермейтін. Бір ғана қараған қабағының өзі жетіп жататын. Ал, қазір заман мүлдем басқа. Әр баланың тәрбиесіне әке де, шеше де бірдей қатысуы керек.
– Қазір атаулы күндер қатарында Әкелер күні, Аналар күні деген даталарбар. Бұл күндер бізге қаншалықты керек деп санайсыз?
– Республикалық Әкелер одағының төрағасы қазіргі уақытта Президент жанындағы Гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына кіреді. Соның арқасында біз Әкелер күнін белгілеп алдық. Бұлкүнәкелерге балаға деген сүйіспеншілігіменқолдауы, бала тәрбиесінеқосқанбағажетпесүлесіүшіналғыс пен ризашылықбілдірудіңтамашамүмкіндігі.
Былай қарасаңыз, әке болу – ол тек адамның баласымен биологиялықбайланыстың болуыемес, олкүнделіктіөмірдегі жауапкершілігі мен өнегесі, тәлім-тәрбиесі. Отбасындағы әкеніңміндеті – балаларынаүлгі, отбасына, жан жарынатірек болу. Күнделіктікүйбеңтіршіліктебалалар әкелерінеқарапүлгіалатынынестеұстағанжөн. Сондықтан, әке баласына қатал болмай, олөмірлікдос, көмекші, ақылшы рөлін атқаруы тиіс.
Әкелер күні шетелдерде бұрыннан бар. АҚШ-та 100 жылдан бері Әкелер күні аталып өтіледі. Іргеміздегі Ресейде де мұндай арнайы күн бар. Бізде де2023 жылдан бері Үкіметтің Қаулысымен Аналар күні мамыр айының екінші жексенбісіне, ал Әкелер күні маусым айының үшінші жексенбісіне белгіленді.
– Одақтың алдағы жоспарымен де бөлісе отырсаңыз?
– Әкелер одағының ендігі мақсаты – әкелер институтының жұмысын нығайту, білім, денсаулық, ішкі саясат мекемелерімен диалог құрып, парасатты әкелер қатарын көбейту, сонымен бірге, салауатты өмір салтын ұстану, жаңашыл, шығармашыл, инновациялық алаңдар құрып, отбасылар мен мектептер арасындағы қарым-қатынасты бекіте түсу, өңірдің аудандары мен қалаларында Әкелер форумдарын ұйымдастыру, әлеуметтік сауалнамалар жүргізіп, зерттеушілік қызметтерді іске асыру, отбасы, гендерлік теңдік мәселелерін көтеру. Осыған орай, алдағы уақытта түрлі семинарлар мен тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізуді жоспарлап отырмыз. Аудандардағы филиалдарда ауқымды, жылжымалы шаралар ұйымдастырамыз. Ауылдарға барып, өткен өмір жолдары тағылымға толы үлгілі, өнегелі, тәлімі мол әкелердің көшпелі отырыстарын өткіземіз. Өткенде Степногорск қаласының «Женский луч» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Көкшетау, Степногорск қалаларында және Атбасар, Шортанды аудандарында «Саналы түрде ата-ана болуға дайындалған әке мен дәстүрлі әкенің айырмашылығы» тақырыбында семинарлар, дөңгелек үстелдер өткіздік. Қазіргі уақыттағы әкелердің рөлін арттыру, әкелер институтын нығайту үшін бірқатар жұмыстар ұйымдастырудамыз. Мәселен, жастар енді үйленіп, ендіжас жұбайлар атанып жатқанда, АХАЖ-да оларға отыз, қырық, елу жыл бірге отасқан үлгілі отбасыларды шақырып, ақыл-кеңестер бергіземіз. Айталық, Зеренді, Бурабай аудандарында жас әкелерге ауылдардағы үлгілі әкелерді шақырып, әңгімелесу алаңын ұйымдастырдық. Үлгі-өнегесі мол әкелер тәжірибелерін ортаға салды. 13 желтоқсанда Қорғалжын ауданында Әкелер форумын өткіземіз. Жалпы, осындай қоғамдық жұмыстар бір ғана Әкелер одағының қолынан келмейтіні белгілі, сондықтан, басқа да мекемелермен, бірлестіктермен ынтымақтаса жұмыс істейміз.
Биылғы жылдың соңында аудандардағыӘкелер одақтарының төрағаларын шақырып, бір жалпы жиын ұйымдастыруды ойлап отырмыз. Сонда одақтың, әкелер клубтарының белсенді мүшелеріне жыл бойы атқарған жұмыстары үшін өзіміздің төсбелгілеріміз бен куәліктерімізді тапсырамыз. Келесі жылғы республикалық Әкелер форумына қатысатын делегаттарды дайындаймыз. Сосын мемлекеттік мекемелердің тапсырысы бойынша іс-шаралар жоспарын белгілейміз. Атап айтқанда, білім, денсаулық сақтау, ішкі саясат басқармалары мен бөлімдерінің, әскери бөлімдердің, партиялардың тапсырыстарын орындаймыз.
– Айталық, өзіңіз Әкелер одағының төрағасысыз. Бұл қоғамдық жұмыс екені белгілі. Сонда қаншама уақытыңызды алатын осы жұмысты атқарудағы мақсатыңыз не?
– Иә, 2019 жылдан бері жеті жылдай осы Әкелер кеңесінде төрағамын. Бұл жерде маған еңбекақы төленбейтіні рас. Соған қарамастан, осында жүруімнің себебі – қазіргіқоғамдағы жастар арасында ажырасушылықты азайтуға, отбасы деген ұлы құндылықты сақтауға өз тарапымнан аз-мұз болсын үлесімді қосу. Бұл өзімнің жеке бір қызығушылығым десе де болады. Одақта мен болашақ әкелерге отбасылық сыйластық, зайыбына құрметпен қарау, жалпы әйел затын ана ретінде қадірлеу керектігін айтып, түсіндіріп жүремін.
«Отан – отбасынан басталады» дегендей, отбасының тірегі – біз, әкелер мықты болуымыз керек. Осы ретте, мен үнемі жүрген жерімде жоғарыдағы депутаттар мен министрліктегілерге Отбасы деген министрлік құру керектігін көтеріп жүрмін. Дамыған скандинавиялық елдерде жанұя институттарын дамытатынОтбасы министрлігі бар, олар соны жалғастырып, Бақыт министрлігін де құрып алған. Бізге де отбасының бақытын ұстап тұруға арналған осындай модельді қалыптастыруымыз керек деп ойлаймын. Өзім үлкен, көпбалалы отбасында дүниеге келгем, үш балам бар. Үшеуі де Көкшетаудағы №2 жалпы орта мектепті бітіріп, өмірден өз жолдарын тапты.Әйелім екеуіміз балаларымыздың жақсы білім алуларына бар күш-жігерімізді жұмсаумен болдық. Соның нәтижесінде балаларымның бәрі жоғары оқу орындарын грантпен бітіріп, тіпті шетелдерде оқыды. Бала – біздің болмысымыздың айнасы. Біз не істесек, соны қайталайды. Біздің балалар да қоғамдық іс-шараларға белсенді араласады. Осы бір мысалдан байқалатынындай, отбасындағы тәрбие арқылы қоғамды бірге тәрбиелеуіміз керек. Себебі, балаларымыз ертең біреудің күйеу баласы, біреудің келіні болады.
Қазір қоғамда ер мінезді ұлдар азайып барады, көптеген жігіттер жауапкершіліктен қашады. Неге? Себебі, көп ұлдарды жалғызбасты аналар асырап отыр. «Бір әкенің берген тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды». «Әке тәрбиесі – ғасырға азық» деп жатады ғой халқымыз. Демек, осы әкелерінің орнын алмастыратын адамдар керек қой. Мектепте бұл жүкті ер мұғалімдерге тапсырайық десек, онда да көбіне 70-80 пайызы нәзік жандылар қауымы. Осыдан кейін оларға әкелер клубтарының көмекке келуі өте-мөте маңызды. Әкелер клубтары сол ер азаматтардың орнын толтыру үшінде жұмыс істеуі керек.
– Мазмұнды әңгімеңізге көп рахмет!
Сұхбатты жүргізген Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.
![]()

