Есірткі естерін алып…

НАШАҚОРЛЫҚ – ДЕРТ

Ақмола облысында биыл тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактілері 2 оқиғадан 8 оқиғаға дейін артып, төрт есе өсе түсті.

Ақпараттық жүйелерді талдау барысында интернет-дүкен арқылы каннабиноидты өсімдіктердің тұқымдарын сатып алып, оларды үй жағдайында өсіргендер анықталды.

Облыстық полиция департаменті жүргізген жедел-тергеу іс-шаралары барысында Көкшетау, Степногорск, Щучинск және Атбасар қалаларында 4 келіден астам гашиш және 5 келіге жуық марихуана тәркіленді.

Мысалы, Атбасар қаласының тұрғыны азамат «Г» өз пәтерінің бір бөлмесін арнайы құралдармен жабдықтап, пластикалық шелек пен гүл құмыраларына сора тұқымдарын заңсыз егіп, кейін оны өсірумен айналысқан. Сол жерде сатуға және қолдануға алдын ала буып-түйілген есірткі заттары – 2,1 кг гашиш пен 917 гр марихуана табылды.

Атбасар аудандық сотының үкімімен азамат «Г» есірткі заттарын өткізу мақсатында оны заңсыз иемдену, сақтау, сондай-ақ, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге тыйым салынған қарасора сорттарын себу және өсіру қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Жалпы, жыл басынан бері облысымызда осындай қылмыстары үшін 6 адам сотталды.

Ақмола облысының прокуратурасы есірткіні заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену және сақтау, тасымалдау, сату және жарнамалау – 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.  

сурет alkospas.ru сайтынан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар