ƏКІМ – ІС ҮСТІНДЕ
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында Көкшетау қаласы мен Аршалы ауданының тұрғындары жер қатынастары, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және облыс орталығын орталықтандырылған газбен қамтамасыз етуді қалпына келтіру мәселелерін көтерді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымнан келген бастамашыл топ педагогтарға біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеу және әкімшілік пен қосалқы персоналдың жалақысын арттыру мәселелері бойынша жүгінді.
Өңір басшысы өз сөзінде барлық өтініштер назардан тыс қалмайтынын, алайда, шешімдер белгіленген заңнама аясында қабылдануы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, қабылдауға келушілер көтерген мәселелердің уақытылы қаралуы және шешілуі қажеттігін еске салды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

