ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Бұл Степногорск қаласына қарасты Шантөбе кентіндегі «Жақсы Жаңғыстау» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының екінші корпусының ашылуының арқасында мүмкін болды.
Аумағы екі мың шаршы метрден асатын жаңа корпус 135 қызмет алушыға арналған.
Ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бірқатар ауқымды шаралар атқарылды. Атап айтқанда, аумаққа жаңа қоршау орнатылды, ғимараттың шатыры жөнделді, сыртқы және ішкі су жүйелері, жылыту және кәріз желілері толықтай ауыстырылды.
Орталықтың қызметі психоневрологиялық аурулары, мүгедектігі бар 18 жастан асқан адамдарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған. Мұнда қызмет алушылар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Спорт және акт залдары, еңбек терапиясы кабинеттері, асхана, жаңа жиһазбен және жабдықтармен қамтамасыз етілген медициналық кабинеттер жұмыс істейді. Мекеменің өз кітапханасы бар, психоэмоционалдық жағдайды бағалау шаралары, еңбек терапиясы және емдік дене шынықтыру бойынша сабақтар өткізіледі.
Мекеме өзіндегі адамдарға құжаттарды уақытылы рәсімдеуге және құқықтық процедуралардан өтуге жәрдемдеседі. Бұлар жеке куәлікті ауыстыру, тұрғылықты жер бойынша тіркеу, әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу, іс-әрекетке қабілеттілік мәселелерін сотта қарау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды сақтау және басқа да заңдық мәселелер. Сондай-ақ, қызмет алушылардың мүліктік құқықтарын қорғау бойынша да жұмыс жүргізіледі.
Ендігі арада орталық инфрақұрылымының кеңеюі әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін айтарлықтай арттырып, тұрақты қолдауды қажет ететін адамдар үшін жайлы жағдай жасауға мүмкіндік беріп отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

