Ұстаздықпен ұштасқан ғұмыр

ӨНЕГЕ

Бала жанына білім дәнін сеуіп, санасына сәуле шашатын ұстаздың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі зор. Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ең алдымен ұстаздар қауымының кәсіби шеберлігіне  байланысты екені де белгілі.

Уақыт өткен сайын мұғалім жауапкершілігімен қатар, беделі де артып келеді. Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені, мұғалім – мектептің жүрегі» демекші, мектептің мерейі мен баланың жарқын болашағы мұғалімнің қолында екендігі даусыз. Осындай жауапты істі арқалап, саналы ғұмырын ағарту ісіне арнап, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген мұғалімнің еңбегін еш нәрсемен өлшей алмаймыз. Ендеше6 алдындағы әр шәкіртінің жүрегіне жол тауып, ұлағатты ұстаз атанудың сыры неде? Осы асыл ұғым хақында жуырда  Көкшетау қаласының жалпы білім беретін №2 орта мектебінде 35 жыл бойы  шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, жүректерінен үлкен орын алған ардагер ұстаз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Балташқызы Сейітова біздің қалалық және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында тартымды сыр бөлісті.

Оқырмандармен кездесу барысында зейнеткер  ұстаз өзінің Ақмола облысына танымал, қасиетті Көкшенің ел ағалары санатындағы, ардақты перзенттерінің бірі, соғыс және партия ардагері Сейітов Балташ атамыздың ұрпағы екенін айтып, аяулы әке туралы естеліктерімен бөлісті. Сөйтіп, ардагер әкесінің майдандағы ерлік істері, қоғамдағы азаматтық орны туралы тебірене әңгімелеп берді. Балташ Сейітұлының туғанына 100 жыл толуына орай, баспадан шыққан «Тұлға тағылымы» атты кітабын кітапхана қорына сыйға тартты.

Гүлмира ТАЙЛАҚОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар