Көптің ойы да осы!

ДҰРЫС ЕКЕН

Елімізде қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын шетке шығаруға тыйым салу мерзімі ұзартылды.

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ел аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге тыйым салуды одан әрі ұзартты.

Тиісті бұйрыққа 2025 жылдың 23 қазанында қол қойылды және ол 2025 жылдың 30 қазанынан бастап қолданысқа енгізілді. Құжатқа сәйкес, тыйым 6 ай мерзімге белгіленген және көліктің барлық түрлеріне қолданылады. Шектеу тізімінде:

— құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап бар, химиялық түрі бойынша сұрыпталған және құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап жоқ, сұрыпталмаған және құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап жоқ өзге де қорғасын аккумуляторлары пайдаланылған мыс, алюминий, қорғасын қалдықтары мен сынықтары, қорғасын аккумуляторларының қалдықтары мен сынықтары;

— қара металдардың қалдықтары мен сынықтары, балқытуға арналған қара металдардың құймалары (шихта құймалары), пайдаланылған құбырлар, рельстер, теміржол төсемінің элементтері және жылжымалы құрамдар енгізілген.

Жаңа шешім ішкі нарықты металлургия өнеркәсібі үшін шикізатпен қамтамасыз етуге және отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдауға бағытталған.  Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге тыйым салу бұған дейін Қазақстанда 2025 жылғы 29 сәуірден бастап қолданылып келді: Енді қайта ұзартылып отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар