Еңбек мұратқа жеткізеді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жарияланды. Осыған орай, еңбек адамдарын жастарға таныту да маңызды.

Жас ұрпақтың еңбекке деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Достар» мәдениет сарайы жанындағы үлгілі  кітапханада «Еңбек – мұратқа жеткізбек» атты іс-шара ұйымдастырылды. «Алтынтау» акционерлік қоғамында (бұрынғы Васильковка тау-кен байыту комбинаты) механик, ұсақтаушы болып көп жыл еңбек еткен, қазіргі уақытта зейнеткер Берік Қайыржанұлы Боскин мен зайыбы Ғалия Қойшыбайқызы осы кештің қадірлі қонақтары болды.

Президентіміз «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Бұл «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі» деп атап көрсеткен болатын.

Кеште сөз алған Берік Қайыржанұлы өзінің өмір жолы, еңбегі туралы қызықты баяндай отырып, оқушыларды жұмысшы мамандықтарын таңдауға шақырды. Ғалия Қойшыбайқызы ктіапханашы, мұғалім болып қызмет атқарғаны туралы әңгімелеп беріп, адал еңбек адамды қуанышқа, өзіне деген сенімділікке жетелейтінін жеткізді. Жастарға мамандық таңдауда да ақыл-кеңесін ұсынды.

Алтын ІЛИЯСОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар