Кешенді жоспар мал шаруашылығына серпін береді

Қазақстанда мал шаруашылығын дамытудың Кешенді жоспарын әзірлеу жұмыстары басталды. Қазірдің өзінде жеке жұмыс тобы құрылды, оның құрамына ғылым, салалық қауымдастықтар, бизнес өкілдері, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар мен Парламент депутаттары кірді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді. Осы жоспар шеңберінде бірқатар нақты іс-шараларды іске асыру көзделген. Біріншіден, мал шаруашылығының барлық бағыттары бойынша айналым қаражатын толықтыру үшін 5 пайыз жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы іске қосылады.

Жануарлардың барлық түрлері бойынша асыл тұқымды мал басын сатып алу үшін ұзақ мерзімді кредиттеу бағдарламасы іске асырылатын болады деп түсіндірді спикер.

Елдің игерілмеген жайылымдық жерлерінің, атап айтқанда, Қостанай облысы мен Ұлытау облысының әлеуетін тиімді пайдалану,  шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін 6 пайызбен бірыңғай кредиттік өнім іске қосылатын болады. Сондай-ақ, қолдан ұрықтандыру технологиясы енгізілетін болады, жүн мен теріні қабылдау бойынша сервистік дайындау орталықтарының жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасалып, «айналымға» жылдық 5 пайыз қаражат бөлініп, саланы кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар пысықталатын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар