Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша нұсқамалар мен ұсынымдардың орындалу барысы талқыланды
Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында 2025 жылдың 9 айындағы аудиттік іс-шаралардың қорытындысы бойынша тексеру комиссиясы шығарған ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалу барысы мен нәтижелері қаралды.
Аудит объектілерінің мекенжайына 160 нұсқама және 41 ұсыным, оның ішінде заңнаманы жетілдіру бойынша 23 ұсыным жолданды. Залалды өтеу үшін 3 талап арыз беріліп, оның екеуі бойынша медиативтік келісім жасалды, бір талап арыз сотпен толық қанағаттандырылды. Қабылданған шаралар 15,4 миллиард теңгені қалпына келтіруге және бюджетке 169,7 миллион теңгені өтеуге мүмкіндік берді.
Талқылау барысында аудит объектілерінің орындалмаған жұмыстарды, көрсетілмеген қызметтерді қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған бюджет қаражатын бюджетке өтеу (қайтару) мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар барлық мемлекеттік аудит объектілерінің сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының ұсынымдары мен нұсқамаларын уақтылы, толық және сапалы орындауын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
![]()

