Отбасының көркі – ынтымақ пен бірлік

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне арналған халықаралық дөңгелек үстел отырысы болды.

Оған Ақмола облыстық прокуратурасы қылмыстық қудалау заңдылығының қадағалануы жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Наталья Петрова, адам құқықтары және балалар құқықтары жөніндегі уәкілдер, полиция және әділет органдарының қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер мен адвокаттар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру, осы санаттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасындағы жасырын зорлық-зомбылық түрлерін анықтау, сондай-ақ, жәбірленушілерге дер кезінде психологиялық және өзге де көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша бірлескен жұмысты жетілдіру мақсатында бірқатар шаралар қабылданып, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жасалды. Атап айтқанда, некеге тұратын адамдарға серіктесінің отбасылық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікке тартылғаны туралы мәлімет алуға мүмкіндік беру ұсынылды.

Қайта әлеуметтендіру шаралары қолға алынуда

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Степногорск қаласы прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті мемлекеттік органдар сотталғандарды қайта әлеуметтендіру шараларын қабылдауда.

Жуырда осы мақсатта қалалық прокуратураның бастамасымен және мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген жиын өткізілді. Оның барысында кәсіпкерлік субъектілерімен өзара іс-қимылды дамыту, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік әлеуетін кеңейту, қосымша жұмыс орындарын ашу және сотталғандарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Іс-шара қорытындысы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға және қайта әлеуметтендіру шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар берілді.

Жиында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік алаңдарында бірлескен жобаларды іске асыруға және сотталғандарды сұранысқа ие мамандықтарға оқытуға ерекше назар аударылды.

Қайта әлеуметтендіру және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері қалалық прокуратураның ерекше бақылауында ұсталып келеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар