«Астана» қосалқы стансасы қайта жаңартылды

ИГІ БІР ІС

Биыл «Көкшетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақжар электр желілерінің өздері жаңартқан «Астана» қосалқы стансасында абаттандыру жұмыстарын да жүргізді. Сөйтіп, екі жұмысты бірге атқарып, әріптестер ризашылығына бөленді.

Жуырда Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі Рүстем Елубаев «Астана» қосалқы стансасының жаңартылуының өңірдің дамуы үшін маңыздылығын атап өтіп, осындай ауқымды жұмысты атқарғаны үшін «Көкшетау Энерго» ЖШС ұжымымен бас директоры Досымхан Аралбаевқа алғысын білдірді.

Сонымен қатар, ол аудандық әкімдік тарапынан қаражат бөлініп, бірқатар елді мекендердегі әуе желілерін реконструкциялау жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленгенін хабарлады. Бұл келесі жылы «Көкшетау Энерго» серіктестігіне осы ауылдардағы бағаналар мен сымдарды бюджет есебінен жаңартуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде компанияның бас директоры Досымхан Аралбаев жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыстың арқасында ауылдық жерлердегі электрмен жабдықтау сапасы айтарлықтай жақсарғанын атап өтті. «Астана» қосалқы стансасында жүргізілген жаңғырту жұмыстарының ауқымына тоқтала келе, ол жобаның құны 1,3 миллиард теңгеден асқанын еске салды. Ескі жабдықтарды ауыстыру, құрылыс және монтаждау жұмыстары толықтай «Көкшетау Энерго» серіктестігі қызметкерлерінің күшімен 2024 жылғы Инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асырылған.

Серіктестік басшысының айтуынша, бұл қосалқы станса тораптық маңызға ие және өздері қызмет көрсететін Солтүстік Қазақстан облысының А0жар, Уәлиханов және Тайынша аудандары мен Ақмола облысының Біржан сал ауданы үшін де негізгі нысан болып табылады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар