Степногорск қаласы прокуратурасының бастамасымен және мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатысуымен жедел кеңес өткізілді.
Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының №76 нормативтік қаулысы қаралып, мүлікке тыйым салу мәселелеріне байланысты қылмыстық-процестік заңнаманы қолдану тәртібі талқыланды.
Кеңес барысында тиісті органдарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарын сақтау тапсырылып, мүлікке тыйым салу шараларын қолдану кезінде талаптардың бірізді әрі заңды орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті шешімдер қабылданып, нақты нұсқаулар берілді.
Степногорск қаласының прокуратурасы заңдылықты нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және процессуалдық бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша жұмысты одан әрі жалғастыруда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

