ЮНЕСКО тізіміне енеді

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкімет­аралық комитетінің 20-сессиясында «Киіз үйді жасау және қолдану дәстүрі» аталымын кеңейту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Аталған эле­мент ал­ғаш рет 2014 жылы Қазақ­стан мен Қыр­­­ғызстанның бір­лес­­кен ұсынысымен тізімге енген. Енді кеңейтілген нұсқа киіз үйді әлемдік мәдени мұраның ажырамас бөлігі ретінде таныту мүмкіндігін арттырып, Орталық Азия ха­лықтарының ортақ мұрасына айналғанын айғақтайды.

«Қазақстан бұған дейін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мә­дени мұраларының Ре­презентативті тізіміне 14 аталымды енгізген. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз әлемнің 183 мемлекеті ішінде үздік 25 елдің қатарына кіреді», деді Ерлан Қарин.

Қазіргі уақытта біз­дің елдің бірнеше жаңа өтінімі ЮНЕСКО қарауында тұр. Атап айтсақ, «Салбурын» ұлт­­тық дәстүрі, «Кесте тігу өнері» (Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан), «Киіз басу өнері» (Қа­зақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Иран, Моң­­ғолия, Тәжікстан, Түр­кия, Өзбекстан), «Ал­памыс жыры» (Қазақ­стан, Әзербайжан, Тү­рік­­менстан, Түркия, Өз­бекстан), «Тақия» дәс­түрі (Қазақстан, Түр­ік­­­мен­стан, Әзер­байжан, Қыр­ғызстан, Тәжікстан, Өз­бекстан, Түркия).

Бұл аталымдардың ЮНЕСКО тізіміне енуі қазақ мәдениеті мен Орталық Азияның ортақ мұрасына халықаралық деңгейде жаңа мәртебе берері анық.

Маржан Әбіш.
Егемен Қазақстан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар