Аңыз ғұмырдың ақыры

ЕЛІНІҢ ІРІСІ ЕДІ!

Қазақ елі  Асекеңнің,  Асанәлі Әшімовтың  дүниеден озғанын естіп, бір сәтке есеңгіреп қалғандай еді!

Расында да, Асекең әр қазақ баласының жүрек түпкірінен терең орын алған Тұлға болатын. Сол әркімнің жүрегіндегі Асекең көз жұмып, дүние атаулы күңіреніп, дүние атаулы жылап тұр. «Жақсыда жаттық жоқ» дегендей, осы бір тамаша адам  әр қазақ баласын бауырына тартып, жүрегі мен жанының жылы шуағына бөлеп жүретін.

2015 жылы қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Тараз қаласының стадионында қойылған менің «Қилы жол» драмалық шығармамның қоюшы режиссері болған Асанәлі ағамның сонан бергі сыйлас бір інісі болып кеткен едім.

Көкшетауға келген сапары және өзге де бір шараларда кездескенімізде «Ал, Жабал, сөйлеші бір» деп сөз беріп, зор ықыласпен тыңдап отырушы еді.

Асанәлі ағамның «Ал, Жабал, сөйлеші бір» деген бір ауыз сөзі маған қанат бітіретін, сенімді нығайтатын, рухани күш беретін!

Күні кеше Астанаға келіп,  театр сахнасында «Тағдыр тақтасымен» жүріп, қарлығыңқы да мұңды бір үнімен жүрек шерін ақтарған  Абыз аға өз елімен, өз халқымен қоштасқандай болып еді.

Бұл да Асекеңнің әулиелігі болар!

Қош болыңыз, қазақтың Асанәлісі, адамзаттың Асанәлі Әшімовы!

 Жабал ЕРҒАЛИЕВ,
 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар