Бүгінгі жастар – ертеңгі ел тірегі

Ақмола облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға атсалысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан белсенділерді марапатталды.

Салтанатты іс-шара аясында облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев бірқатар үздік жастарды Алғыс хатымен марапаттап, оларға қаржылай сыйақы табыстады. Өңірді алға жылжытуға әуелден-ақ кірісіп кеткен жастар қатарында робототехника саласының маманы Еркебұлан Құрманғазы, патриоттық тәрбие бағытындағы Сұлтанғазы Талғатов, инновациялық жобалар менеджері Әсел Абдрахманова, медиа саласының өкілі Аслан Әбутәліпов, дәрігер Гүлмира Нұрмағамбетова және өнер саласының жанашыры Камила Бегайдарова марапатталды. Сонымен қатар, мәдени және қайырымдылық шараларына қолдау көрсеткен Ұлан Қазымбек, Еркебұлан Байболат, кәсіпкерлер Болат Сансызбаев пен Ибраһим Сражаддінге де арнайы алғыс білдірілді.

Жиынның негізгі бөлімі 15 жылдық тарихы бар дәстүрлі «Жас Ақмола» облыстық жастар сыйлығының жеңімпаздарын жариялаумен жалғасты. Биыл 10 номинация бойынша үздік деп танылған жастарға 500 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. Сыйлық иегерлерінің қатарында жас ғалым Салтанат Уразбаева, дәрігерлер Абылайхан Ахимов пен Еламан Тәженов, өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Әділет Ғазиз, жұмысшы мамандығының үздігі Диас Бекетаев және IT маманы Данияр Абдрашитов бар. Сондай-ақ, Асия Закенай, Даниал Жағупар, Қуаныш Мукушев және «Мейірім» жастар ұйымы өз салалары бойынша үздік деп танылды.

Шара соңында волонтерлік жобалар байқауының жеңімпаздары Милана Сайлаубаева, Маргарита Высочинская, Анаргүл Мушканова, Ардақ Кабденова және Жанат Джанеев әлеуметтік маңызы бар бастамаларын іске асыруға бағытталған гранттарға ие болды.

Бейбарыс ШАЛАБАЕВ,
«Арқа жарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар