Құрметті ақмолалықтар!
Христиандардың қастерлі де қасиетті мерекесі – Рождество мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Түрлі ұлттар мен дін өкілдері арасындағы достық пен келісімді нығайтуда бұл мейрамның орны ерекше. Біздің облысымызда әрбір этнос қоғамның, рухани және мәдени өміріміздің дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Рождество бізге ортақ құндылықтар мен бейбітшілікке, игілікке деген ұмтылыс біріктірген адамдар арасындағы өзара қолдаудың, құрмет пен ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екенін еске салады.
Бұл мейрам жүректерді сенімге, үміт пен сүйіспеншілікке толтырып, мәңгілік рухани құндылықтар мен мейірімділікті паш етеді. Рождество адамдардың басын біріктіріп, бейбітшілік пен игілік жолындағы жасампаз істерге жігерлендіреді.
Осынау жарқын Рождество мейрамында барлық православиялық христиандарға шын жүректен қуаныш, тыныштық пен бақ-береке тілеймін. Рождество мейрамы отбасыларыңызға ырыс-құт, зор денсаулық, мол бақыт ала келіп, ізгі армандарыңыз орындалсын. Әр шаңырақта жылылық пен үйлесім салтанат құрсын!
![]()

