Әжелер – асыл дария

ӨНЕРДІҢ ӨЗ ӨКІЛДЕРІ

Қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Шәмші әуендері» атты облыстық ардагерлер фестивалінде «Асыл-Дария» вокалдық тобы лайықты өнер көрсетіп, арнайы диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болды.

Бұл өнер ұжымының құрылғанына көп уақыт бола қоймаса да, халық әндерін нақышына келтіре орындауымен аудан көлемінде кеңінен танылып үлгерген. Вокалдық топтың ұйымдастырушысы Табиғат Үйісбекұлы жұртшылық қошеметіне бөленген «Асыл-Дария» вокалдық тобының  жетекшісі әрі Үлгілі ауылдық мәдениет үйінің іс-шара меңгерушісі.

Бүгінгі таңда талай байқауда  аудан намысын абыроймен қорғап жүрген өнер ұжымы қай мәдени шарада болсын, көрермендердің ерекше ілтипатына бөленуде. Жас ерекшеліктеріне қарамастан, жандарына әсем әнді серік еткен «Асыл-Дария» вокалдық тобына алда да жаңа биіктерден көріне беріңіздер дейміз.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар