Еліміз бойынша 2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары Қазақстан өңірлері арасында екінші орынды иеленді.
Өңірдің рейтингтегі жоғары орны мемлекеттік қызметтердің сапасы, қолжетімділігі және рәсімдердің ашықтығын жоғары бағалаған тұрғындардың пікірлері негізінде қалыптасты.
Қоғамдық мониторинг Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізілді. Ондағы мақсат қызмет алушылардың оның сапасына қанағаттанғандық деңгейін анықтау, проблемалық мәселелерді айқындау және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен жеделдігін одан әрі арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Мониторинг нәтижелері алдағы уақытта мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін әрі қарай арттыру үшін пайдаланылады.
Осы орайда, оқырмандар назарына сала кететін бір жайт, мониторинг қорытындылары Ақмола облыстық әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Қызмет» қойындысындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
сурет i0.wp.com/apgazeta.kz сайтынан.
![]()

