Ұлттық болмысты еркін таңдау және тілдік құқықтар

Жаңа Конституцияның 22-бабы адамның ұлттық өзін-өзі айқындау құқығын бекітеді. Әр азамат өз ұлтын өзі анықтауға, оны ашық көрсетуге немесе көрсетпеуге ерікті. Бұл норма адамның жеке таңдауына құрметпен қарауды көздейді және ұлттық белгі бойынша қандай да бір қысымға немесе міндеттеуге жол бермейді.

Сонымен қатар, бапта әр адамның ана тілін және төл мәдениетін қолдану құқығы нақты көрсетілген. Азаматтар қарым-қатынас жасау, тәрбие беру, білім алу және шығармашылықпен айналысу тілін еркін таңдауға құқылы. Бұл қоғамдағы тілдік және мәдени алуандықты сақтауға, әртүрлі этностардың мәдени мұрасын дамытуға құқықтық негіз қалыптастырады.

Тілдік құқықтардың конституциялық деңгейде бекітілуі әлеуметтік келісім мен өзара құрметті нығайтуға ықпал етеді. Әр азаматтың өз болмысын еркін көрсетуі қоғамдағы сенімді арттырып, ортақ азаматтық бірегейліктің қалыптасуына кедергі келтірмейді. Керісінше, ол қоғамның ашық әрі инклюзивті болуына жағдай жасайды.

Жалпы алғанда, 22-бап адамның жеке таңдауы мен мәдени еркіндігін қорғауға бағытталған. Бұл норма ұлттық бірлікті сақтай отырып, әр азаматтың тілі мен мәдениетіне құрмет көрсету арқылы құқықтық мемлекеттің гуманистік сипатын айқындайды.

Марат Өтегенов,
Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор,
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Тарих, география және
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар