Қызылша. Сақ болыңыз!

Құрметті Красный яр ауылының тұрғындары!

Өңірімізде қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі болып отыр. Қызылша – өте жұқпалы вирустық инфекция, ол әсіресе балаларға, жүкті әйелдерге және иммунитеті төмен адамдарға қауіпті. Ауру ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін: өкпенің қабынуы, құлақ қабынуы, жүйке жүйесінің зақымдануы. Ең бастысы – қызылшаның алдын алуға болады. Ол үшін вакцинация қажет.

Егер өзіңіз немесе балаңыз ұлттық егу күнтізбесі бойынша егілмеген болса немесе екпені өткізіп алсаңыз біздің алғашқы санитарлық-медициналық көмек орталығына жүгініп, вакцинациядан немесе қайта егуден өтуіңізді сұраймыз. Екпелер МӘМС аясында тегін жүргізіледі. Қызылшаның негізгі белгілері: дене қызуының көтерілуі, әлсіздік; жөтел, мұрыннан су ағу, көздің қызаруы; беттен басталып, бүкіл денеге таралатын бөртпе.

Аталған белгілер байқалса, емханаға алдын ала хабарласпай келмеңіз, үйге дәрігер шақырыңыз. Бұл басқа адамдарға жұқтырудың алдын алуға көмектеседі. Ата-аналарды балалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, ал ересектерді өздерінің егу мәртебесін тексеруге шақырамын. Уақытылы алдын алу және дәрігерге дер кезінде қаралу – өз денсаулығыңызды және айналаңыздағы адамдарды қорғаудың ең тиімді жолы. Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!

Құрметпен, Алғашқы медициналық – санитарлық орталығының директоры
Зарыққан Шаубаев

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар