Ақмола облысында конституциялық реформалардың мазмұнын түсіндіруге және жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара өтті. 2026 жылғы 17 ақпанда Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-нің жоспарына сәйкес, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Конституциялық реформа – 2026: Ұлттық Құрылтай бастамалары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – конституциялық реформалардың мәні мен мазмұнын талқылау, Ұлттық Құрылтай аясында көтерілген бастамалардың маңызын түсіндіру және жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына ықпал ету.
Іс-шараға университеттің тәрбие және кәсіптік бағдар беру жұмысы жөніндегі проректоры С.Р. Абилдаханова, Халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі А.И. Свинарчук, аталған кафедраның оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Д.Қ. Кенжебек, «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары А.А. Әлімбетова, «Ақмола билер алқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, журналист Ж.Д. Шөкшірұлы, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Құқық кафедрасының сеньор-лекторы Е.Н. Мырзаханов, сондай-ақ Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелде гуманитарлық-педагогикалық факультетінің «Тарих және қоғамтану» мамандығының 2 курс студенттері М.Б. Оразәлі мен А.М. Сейдуалы баяндама жасап, жастардың реформаларды жүзеге асырудағы белсенділігі мен азаматтық ұстанымының маңызын атап өтті.
Кездесу барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту, азаматтық қоғамды дамыту, жастардың саяси мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар Ұлттық Құрылтай бастамаларының қоғамдағы бірлік пен жауапкершілікті арттырудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өзара пікір алмасып, өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісті. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, елдегі реформалардың мәнін терең түсінуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.
![]()

