Ата заңы ғылым мен білімге негізделген ел – өркендейді

Жаңа конституция – жаңғыру жолы!

Биылғы жылғы 31 қаңтарда еліміз үшін маңызды құжат Конституцияның жаңа жобасы ұсынылды. Университет ректоры, ғалым ретінде мен Жаңа Конституция адам капиталын, білім, ғылым және инновацияларды одан әрі дамытуға арналып отыр деп бағалаймын.

Жаңа Конституция жобасының негізгі мәні – әрбір азаматтың қадір-қасиетін қорғау және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Ең бастысы, алғаш рет конституциялық деңгейде «білім», «ғылым» және «инновациялар» мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде бекітілуде. Жаңа құжаттың жобасында білім мен ғылымға ерекше мән берілуі – бұл еліміздің болашағы дәл осы салалармен айқындалатындығының терең түсінігінің көрінісі. Бұл білімге, ғылыми ойға және шығармашылық әлеуетке нақты прогресс факторлары ретінде сүйену деген сөз. Жаңа технологиялар мен жасанды интеллект дәуірінде бәсекеге қабілетті болу осы бағыттарсыз даму мүмкін емес.

Мен үшін маңыздысы Конституцияның жаңа жобасында білім беру тек мемлекеттің міндеті ғана емес, қоғам дамуының басты құндылығы ретінде қарастырылғаны. Әсіресе, білімнің қолжетімділігі мен сапасы қағидаттарын бекіту аса маңызды деп есептеймін.

Өзгермелі әлем жағдайында ұлттық мәдениетті сақтау және халықаралық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету ең алдымен ғалымдарға жүктелген жауапкершілік. Жаңа Конституция жобасында негізгі құндылықтар қатарында білім, ғылым, мәдениет және инновациялар 3-бапта айқын көрсетілген.

Шын мәнінде, бұл стратегиялық бағыт ретінде мемлекет тарапынан бұл құқықтық, әлеуметтік және қаржылық қолдауға ие болу тиіс. Әрине, бұл бағытта да біздің ғылым, білім, инновация бағыттарында да жұмыстар көп жасалып келеді. Баршаға белгілі елімізде қазір жас ғалымдар да көбейіп келеді. Жалпы, Конституция жастардың болашағы үшін үлкен мүмкіндік деп ойлаймын.

Марат СЫРЛЫБАЕВ,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар