Ата заңның үстемдігі – отбасы институтының мызғымас тірегі

Біздің ұлтымыз өз тілін қадірлеп, құрметтейтін халық. Жалпы, халықта неғұрлым көп тіл білсең, соғұрлым сен байсың деген сөз бар. Қазіргі уақытта жастарымыз мемлекеттік тілмен қатар бірнеше тіл біледі. Бұл тәуелсіз ел болуымыздың арқасында қол жеткен жетістіктердің бірі десе болады.

Қазір қазақ тілі өзінің тұғырын тапқан тіл. Бұдан әрі ол дами береді. Оған ешқандай қауіп жоқ деп ойлаймын.

Осыдан 30 жыл бұрын сабақ берген  кезде  университеттегі  90 пайыз студенттер орыс тілінде ғана оқитын. Қазір, міне, 9 мыңға жуық студентіміз бар. Бүгінде сол студенттеріміздің 80 пайызы қазақ топтарында білім алады.  Биылғы жылы Ұлттық бірыңғай тестіні тапсырғанда, мектеп бітірген түлектердің 80 пайызы мемлекеттік тілде тапсырған. Ол дегеніміз қазақ тілі зор қарқынмен дамып келе жатыр деген сөз.

Жаңа Ата заң жобасында «Отбасы – ер адам мен әйел адамның одағы» жеп жазылған. Бұрынғы Конституцияда ондай болмаған. Еркек пен еркектің емес, әйел мен әйелдің емес, ер мен әйелдің одағы екендігі қадап көрсетілген. Яғни, дәстүрлі емес некеге Конституциямен тыйым салынған. Отбасы құндылығына ерекше мән беріліп, біздің өзіміздің әдет-ғұрпымызға сай келмейтін, зиян келтіретін осындай ағымдардың қажет еместігін Ата заңымызда нығыздап тұрып көрсетіп тұр. Бұл да бір ерекшелігі деп айтуға болады. Өйткені, қазір көп елдерде бала туу көрсеткіші төмендеп тұр. Мәселен, Батыс елдерде «чайлдфри» ұғымы насихатталып жүр. Яғни, баласыз өмір сүру деген сияқты кейде кері ықпал беретін трендтер қалыптасуда.

Сол себепті, мұндай алмағайып заманда отбасының құндылықтарын дұрыстап насихаттай білсек қана, әрі оны Конституция жүзінде бекітсек қана еліміздің іргетасы нағая түсетіні анық.

Аманбай Сейітқасымов,
Көкшетау мемлекеттік университеті
ректорының кеңесшісі, профессор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар