АДАЛ АЗАМАТ
«Адал азамат» тұжырымдамасы аясында өткен «Заң мен тәртіп» айлығы шеңберінде өңірдің білім беру ұйымдарында жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік және түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Кешенді жұмыстар барысында облыстың 523 мектебінде «Құқықтық мәдениет және оның маңызы» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ, адалдық, жауапкершілік және белсенді азаматтық ұстаным құндылықтарын нығайту.
Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары, олардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мәселелері түсіндірілді. Бұдан бөлек, «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында адал еңбек, әділдік және заңды сақтау қағидаттары кеңінен насихатталды.
Тәрбиелік жұмыстар пікірталастар, ашық диалогтар және өмірлік жағдаяттарды талдау арқылы интерактивті форматта ұйымдастырылды. Мұндай тәсіл оқушылардың белсенділігін арттырып, құқықтық мәдениет негіздерін тереңірек түсінуге септігін тигізді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

