Әдеби-зерттеу кабинеті ашылды

 Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Жанайдар Мусин атындағы аймақтық әдеби-зерттеу кабинеті салтанатты түрде ашылды.

Университеттің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында ашылған бұл кабинет жазушы және журналист Жанайдар Мусиннің шығармашылық мұрасын жүйелі түрде зерттеуге және студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға бағытталған.

Салтанатты іс-шараға игі бастамаға мұрындық болған қаламгердің туған-туыстары мен ұрпақтары және оған қолдау көрсеткен университет басшылығы, зиялы қауым өкілдері, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім алушылар қатысты.

Жанайдар Баймырзаұлы – Зеренді өңірінің тумасы, қазақ әдебиеті мен журналистикасының дамуына елеулі үлес қосқан қаламгер. Оның шығармашылығы азаматтық ұстанымымен, қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтеруімен және ұлттық құндылықтарды дәріптеуімен ерекшеленеді. Жазушының публицистикалық және көркем туындылары қазіргі кезеңде де ғылыми тұрғыдан зерттеудегі өзектілігін сақтап отыр.

Осынау игі шара барысында студенттердің қаламгер шығармашылығына деген қызығушылығы артқаны байқалды. Университеттен ашылған әдеби-зерттеу кабинеті Жанайдар Мусиннің шығармашылығын ғылыми айналымға енгізуге, курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптық аясын кеңейтуге жол ашады. Сондай-ақ, жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды академиялық алаңға айналары сөзсіз.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар