Аға ұрпақ әрқашан жаңашылдықтар жағында

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ!

Мемлекеттің алға жылжуы қоғамның бірлігі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Конституциялық реформаға қатысты референдум осы бірлікті нығайтып, ел болашағына қатысты ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы әрі мемлекеттік қызмет саласында көп жылдық тәжірибесі бар азамат ретінде мен  жаңа Конституция жобасына қатысты өзімнің байыпты ұстанымымды білдіруді азаматтық парызым деп санаймын.

Өз басыма кәсіби қызмет жолында ауыл инфрақұрылымын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік мәселелерді шешу секілді сан түрлі бағытта жұмыс істеуге тура келді. Осы тәжірибем кез келген реформаның табысты болуы берік құқықтық негізге, мемлекеттік институттардың ашықтығына және қоғам сеніміне тікелей байланысты екендігін айқын көрсетті.

Ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы әділеттілік қағидаттарын нығайтуға, биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға және өкілді органдардың рөлін күшейтуге бағытталған. Құжатта билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыруға басымдық берілген. Бұл өзгерістер қоғамның бүгінгі сұранысына сай келеді және елдің эволюциялық даму логикасына сәйкес жүзеге асырылуда.

Бұл ретте, жергілікті өзін-өзі басқару институттарын күшейтудің маңызы ерекше. Тәжірибе көрсеткеніндей, көптеген мәселелер халықпен тікелей байланыста болғанда тиімді нәтиже береді. Өңірлердің бастамашылдығын қолдау, жергілікті органдардың өкілеттігі мен жауапкершілігін арттыру аумақтардың тұрақты дамуының басты бір алғы шарты.

Бүгінде облысымыздағы мен өкілдік ететін ардагерлер қауымы әрдайым тұрақтылықты, сабақтастықты және мемлекеттің жүйелі дамуын қолдайды. Аға буын үшін өзгерістердің салмақты, ойластырылған түрде және тарихи тәжірибені ескере отырып жүзеге асырылуы аса маңызды.

Конституция – бұл тек құқықтық құжат қана емес, ол – қоғам мен мемлекет арасындағы келісімнің негізі, ортақ құндылықтар мен стратегиялық бағыттың айғағы. Жаңартылған Негізгі заңды қолдау – әділетті, ашық әрі орнықты мемлекеттік жүйені қалыптастыруға қосылған үлес деп білемін.

Осындайда әрбір азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы мен саналы таңдауы ел болашағы үшін маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік береді деп сенемін.

Жалпы, еліміздің негізгі заңына енгізілетін өзгерістер тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Бұл бастаманы қолдау болашақ ұрпақ үшін берік әрі әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы маңызды таңдау деп білемін.

Ермек НҰҒЫМАНОВ,
Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар