Депутаттық корпус атынан және жеке өз атымнан Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осы шуақты көктем мерекесінде сіздерге деген зор құрметім мен алғысымды білдіремін. Өйткені, дәл сіздер жақындарыңыздың өмірін мейірім мен қамқорлыққа бөлеп, жылылық пен жайлылықтың жарасымын қалыптастырасыздар, жетістіктерге жігерлендіріп, ең жауапты сәттерде қолдау көрсетесіздер. Сіздердің тікелей атсалысуларыңызбен үлкен жетістіктер де, күнделікті игі істер де көптеп өмірге келіп жатады.
Жоғары қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі заманда, қоғамдық қарым-қатынастар жаңарып отырған кезеңде, сіздерге әділдік, ізгілік пен келісім құндылықтарын сақтау және нығайту секілді ерекше міндет жүктеледі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда әйелдерді қолдауға бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде іске асырылуда. Қоғамның барлық саласында тең құқықтар қамтамасыз етілген, әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысу, қоғамдық-саяси өмірге қатысу мүмкіндіктері кеңейіп, әлеуметтік және құқықтық қолдауға ие болуда.
Ардақты аналар мен арулар! Сіздерге осы мереке күні зор денсаулық, бақыт пен береке тілеймін. Әр күндеріңіз қуаныш пен жақсылыққа толы болып, арман-мақсаттарыңыз орындала берсін!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.
![]()

