Құрметті қыз-келіншектер мен әйелдер қауымы!
Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн сіздерге – аналарымызға, жұбайларымызға, қыздарымызға және әріптестерімізге деген ерекше жылылық, шынайы алғыс пен терең құрметке толы күн. Сіздер әлемге өмір сыйлайсыздар, отбасында жайлылық пен татулық отын маздатып, жақсы істер мен үлкен жетістіктерге жігерлендіресіздер.
Біздің құрметті әйелдер қауымының облысымыздың дамуына қосып жүрген үлестері зор. Сіздер білім мен денсаулық сақтау саласында, мемлекеттік қызмет пен бизнесте, мәдениет пен ғылымда және өндірісте табысты еңбек етіп келесіздер. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен іскерліктеріңіздің арқасында өңіріміз дамып, нығайып келеді.
Осы мереке күні, әсіресе, өскелең ұрпақты тәрбиелеп отырған аналар мен өмірлері қайсарлық пен даналыққа, туған жерге деген адалдыққа толы ардагер әйелдер мен аналарға ерекше алғыс айтамыз.
Шаңырақтарыңызда әрқашан сүйіспеншілік, келісім мен береке салтанат құра берсін. Сіздерге зор денсаулық, бас амандығы мен бақыт, көктемгі көтеріңкі көңіл-күй, армандарыңыздың орындалуын тілеймін.
Әр күн қуанышқа, жақындарыңызға қамқорлық пен жаңа мүмкіндіктерге толы болсын!
![]()

