Ұрпағымның болашағы үшін дауыс беремін

Референдумның ашық және әділ өтуі бақылануда. Көкшетау қалалық 43, 44-ші сайлау учаскелерінің жұмысы белсенді жүргізіліп жатыр.

Комиссия мүшелері түгел ұлттық киімде, дауыс берушілерді ықыласпен қабылдап, бірінші және кәмелет жасына енді толған дауыс берушілерге ескерткіш сыйлықтарын табыс етуде. Сәуле Жұмашқызы Өмірбаева төрайымдық ететін 43-сайлау учаскесінде 2452 дауыс беруші болса, сағат 10.30-ға дейін 300-ге тарта адам дауыс беріп үлгерген.

Сонымен қатар, 44-сайлау учаскесіне жасы 90-ға келген қария Сыздық Әменұлы Ермеков арнайы участокке келіп, еліміздің ертеңі, ұрпағымыздың болашағы үшін дауыс бергенін мақтанышпен жеткізді. Бұл участокте де 270 адам дауыс берген Келушілер қатары көбейе түсті.

Асылай Қадырқызы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар