Жібек жолы ауылында  тасқыны сулар қауіпсіз өтуде

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев  Астана су қоймасынан су жіберіліп жатқан Жібек жолы ауылындағы Есіл өзенінің арнасын тексерді.

Қазіргі уақытта су жіберу көлемі секундына 450 текше метрді құрайды. Бұған дейін жүзеге асырылған шаралардың, соның ішінде қорғаныс бөгетін салудың және контррегулятордан айналма канал жүргізудің арқасында су кедергісіз өтуде.

Жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралар өз тиімділігін көрсетті. Қазіргі кезде су жіберу көлемі біртіндеп төмендеуде. Бұл туралы редакциямызға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Ерсайын Қойшыбаев та хабарлады:

– Жібек жолы ауылында қазіргі уақытта тұрғын үйлер мен аула аумақтарын су басу қаупі жоқ екені анықталды. Сонда да құзырлы органдар тарапынан арнайы кезекшілік ұйымдастырылған. Былтырғы су тасқыны кезеңі аяқталғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар тиісті алдын алу жұмыстарын жүргізген болатын. Қазіргі таңда тікелей қауіп төніп тұрмағандықтан, оқиға орнында күштік құрылымдар мен техниканың үлкен тобын шоғырландыруға қажеттілік туындап тұрған жоқ, – дейді ол.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

суреттер www.gov.kz сайтынан

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар