Өнеркәсіпті қала әлеуеті арта түсуі керек

ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов Степногорск қаласына жұмыс сапары барысында, негізгі өнеркәсіп кәсіпорындарын аралады.

«SSAP» ЖШС басшылығымен Ернар Жаркешов химиялық кластерді одан әрі дамыту перспективаларын, соның ішінде күкірт қышқылын пайдалана отырып минералды тыңайтқыштар өндіру мәселелерін талқылады. «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС-інде экологиялық лицензия алу және шикізаттың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. «Степногорск подшипник зауыты» АҚ-ында шығарылатын өнімдер еуропалық елдерге жеткізуді кеңейту үшін экспорттық лицензия алу шаралары қаралды. «OrganicFood» ЖШС-інде өнім көлемін арттыру, оның ішінде фри картобын өндіру перспективалары талқыланды.

Сапар барысында Ернар Жаркешов сондай-ақ, «Stepnogorsk Industrial Park» индустриялық аймағына барып, инвесторларды тарту мәселелерін қарастырды. Аумағы 30 гектарды құрайтын индустриялық аймақ қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген және өндірістерді орналастыруға дайын. Өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға бағытталған зікірлік инвестициялық жобаны тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, металлургия өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі саналатын «АК «Алтыналмас» АҚ компаниялар тобының басшылығымен кеңес өткізілді. Мұнда 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Негізгі өндірістік қызметтен бөлек, кәсіпорын қала дамуына белсенді қатысып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, әлеуметтік жағынан осал топтарға қолдау көрсетуде. Степногорск қаласының әкімдігі мен «АК «Алтыналмас» АҚ арасында әлеуметтік нысандарды салып, оларды мемлекет меншігіне өтеусіз беру туралы келісім жасалған.

Степногорск қаласының басшылығымен әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіптің жағдайы, кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру барысы, сондай-ақ, индустрияландыру және жаңа өндірістер ашу перспективалары қаралды. Қаланың экономикалық тұрақтылығы, халықты жұмыспен қамту, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жүктемесі және жаңа экономикалық өсу нүктелерін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

– Қаланың тұрақты дамуы үшін экономиканы әртараптандыру, ірі кәсіпорындарға тәуелділікті азайту және қайта өңдеу, қызмет көрсету мен логистика салаларын қоса алғанда, шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Степногорск қаласының бәсекелестік жөнінен артықшылықтарын ескере отырып, металдарды терең өңдеу мен химия өнеркәсібіне, тыңайтқыштар мен өндіріске арналған реагенттерге басымдық береміз. Сондай-ақ, инвестиция тарту, индустриялық аймақты дамыту, жаңа кәсіпорындар үшін жағдай жасау, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және өнеркәсіптік кооперацияны нығайту да маңызды, – деп қорытындылады өз сөзін Ернар Жаркешов.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар