Ауылға бір керегі – көше жарығы

Игі бір іс

Гастелло ауылындағы Шоссейная көшесі аз уақыттың ішінде түнге қарай жап-жарық болып шыға келді.

Мұнда биылғы жылдың ақпан айынан бері 11 бағана шамы іске қосылды. Бұл жұмыстар жергілікті өзін-өзі басқару қаржысының есебінен жүзеге асырылды.

– Мен осы көшеде өмір бойы тұрып келемін, бұрын мұнда ешқашан жарық болған емес. Енді кешкі уақытта серуендеуге де, жұмыстан кейін үйге қайтуға да қауіпсіз әрі ыңғайлы. Сондықтан, бұл біз үшін үлкен өзгеріс десек артық емес, – дейді ауыл тұрғыны Бижамал Көбекова.

Бұған дейін көшені жарықтандыру мәселесі ауыл тұрғындары тарапынан бірнеше рет көтерілген болатын. Осы жағы да ескеріліп, жаңа шамдардың орнатылуы сәті түскен бір жақсы іс болды.

– Біз ауылдың жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, тұрғындар үшін маңызды мәселелерді кезең-кезеңімен шеше береміз. Алдағы уақытта жалғыз Шоссейная емес, кейбір жарығы жоқ немесе сирек басқа көшелерде де жарықты дұрыстаймыз деген ойымыз бар,  – дейді Гастелло ауылдық округінің әкімі Айгүл Сайдалина.

Тағы бір айта кететін жай, Шоссейная көшесі республикалық маңызы бар автожолдың бойында орналасқандықтан, онда көше шамдарының орнатылуы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін де жақсы болды. Айталық, осының арқасында жол қозғалысының қауіпсіздігі де артып, тұрғындар көңілі жайлана түсті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар