ТАРИХИ МҰРА
Ақмола облысында тарихи және мәдени маңызы бар киелі орындарды анықтау, зерттеу және сақтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде Сандықтау өңіріндегі осындай жерлер тізімі жаңа киелі орындармен толықты. Атап айтқанда,бұлар есімдері Кенесары ханныңұлт-азаттық қозғалысымен тығыз байланысты атақты Кенжебай мен Шамай батырлардың жерленген орындары.
Осы Сандықтау өңірінің тумасы, Кенесары ханның әскерімен қазақ халқының азаттығы үшін болған шайқастарға қатысқан Кенжебай батыр халық есінде мерген, батыл жауынгер әрі Наурызбай батырдың белсенді, адал серігі ретінде қалған. Оның өмірі туған жері мен халқына қызмет етудің жарқын үлгісі болып саналады.
Кенжебай батыр ауданның Новоникольский ауылдық округінде жерленген. Атасының батырлығына құрмет белгісі ретінде шөбересі Қали атамызоның бейітіне ескерткіш тас орнатты. Онда:«XIXғасырда Кенесары қозғалысына қатысқан Кенжебай Ақпанұлы (1825-1884) бабамызға» деген жазу жазылған.
Шамай батырдың жерленген жері де маңызы бар қасиетті орын болып табылады. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Қарауыл руының бір тармағы Қылды руының ұрпақтары, ағайынды Арлан мен Шамай батыр Сандықтау аймағын мекен еткен. Олар Кенесарының серіктері болған және отаршылдық саясатқа қарсы азаттық күресіне белсене қатысқан.
Әскери шайқастарда ағайындылар батылдық, қайсарлық пен табандылық танытып, бекіністерді және тағы басқа жерлердішауып алуға қатысқан. Арлан батыр Қостанай облысының Сарыкөл ауданындағы Қараоба ауылының маңындағы шайқаста қаза тауып, сол жерде жерленеді. Ел арасында тараған аңыздарға сәйкес, оның ағасы Шамай батыр жау қолынан уланған. Оның қабірі Сандықтау ауданындағы Құмдыкөл ауылының маңында жатыр және қазіргі таңда батырды еске алатын және құрметтейтін қасиетті орын болып саналады.
Кенжебай мен Шамай батырлардың жерленген жерлерін киелі орындар тізіміне енгізу тарихи мұраларымызды сақтауда, батырлықты насихаттап, ұлттық құндылықтарға құрмет көрсетуде маңызды қадам болды. Бұл орындар 19 ғасырдағы тағдырлы оқиғаларды және туған жерінің бостандығы үшін өмірі мен жанын құрбан еткен адамдарды есте ұстауда маңызды қадам.
Қасиетті тізімге енгізілген орындар жас ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу тұрғысынан ерекше мәнге ие. Кенжебай мен Шамай батырлардың жерленген жерлері тек тарихи ескерткіштер ғана емес, сонымен қатар, батылдықтың, патриотизмнің және туған жерге адалдықтың символы.
Киелі орындарға бару, экскурсиялар жасап, өлкетану сабақтарын өткізу ұлттық бірегейліктінығайтуға, өткен ата-бабалар ерлігіне мақтаныш сезімін қалыптастыруға және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға ықпал етеді. Батырлар өмірін білу арқылы жастар ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіріп, ар-намыспен, әділдікпен, адалдықпен елге қызмет етуді үйренеді. Бұл рухани құндылықтар тарих және мәдени бірегейлікті сақтау үшін бүгінгі күні де өзекті болып қала береді.
Осылайша, киелі орындарды сақтау және насихаттау тек өткенге құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар, ата-бабаларының мұрасын бағалай алатын және олардың ерлік жолын жалғастыра алатын саналы ұрпақ тәрбиелеуге қосылған үлес болып табылары сөзсіз.
Сандықтау өңірінен шыққан батыр бабалар қатарында Тайлақ батырдың да есімі құрметпен аталады. Ол ХVІІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдары қазірді Жыланды ауылының топырағында дүниеге келген. Бір өкініштісі, қай жерде жерленгені белгісіз. Дегенмен, Астана қаласындағы өлкетану мұражайында Тайлақ батырдың қылышы өткен заманның көзіндей, батырдың өзіндей болып үлкен құрметпен сақтаулы тұр.
Гаухар ЕСІЛБАЕВА,
Ақмола облыстық мәдениет басқармасының тарихи-мәдени
мұраны қорғау жәнепайдалану орталығының маманы.
![]()

