Шаруашылықтар жаңа өрт сөндіру техникасын алды

ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев пен облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова орман мекемелеріне өртке қарсы техникаларды тапсырды.

Іс-шара аясында орман шаруашылықтарына отандық өндірістің 13 заманауи өрт сөндіру техникасы берілді. Бұл техникалар орман өрттерін сөндіруге тікелей қатысатын мамандардың ұсыныстары негізінде әзірленген. Машиналар жоғары өтімділігімен және маневрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы, су толтырылатын цистернаның сыйымдылығы 3 тоннаны құрайды, өздігінен сөндіру жүйесі қарастырылған, сондай-ақ, қозғалыс кезінде өрт сөндіру мүмкіндігі бар. Бұл, әсіресе, қолжетімділігі қиын аумақтарда жұмыс істеу үшін өте маңызды.

Жалпы, өңірге 24 өрт сөндіру көлігін жеткізу жоспарланып отыр. Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылы облыстың орман мекемелері 30 трактор мен 31 шағын орман патрульдік кешенін алған болатын.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар