Ақмола облысында азық-түлік нарықтарындағы тәртіп күшейтілді

Ақмола облысында азық-түлік нарықтарында тәртіп орнатуға бағытталған кешенді бақылау шаралары жүргізілді. Бұл жұмыстар 2026 жылғы 15 сәуірдегі кеңес хаттамасын орындау аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараларға Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, сондай-ақ полиция, мемлекеттік кірістер, төтенше жағдайлар қызметі, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және техникалық реттеу органдарының өкілдері қатысты.

17 сәуір күні жұмыс топтары өңірдегі бірқатар азық-түлік нарықтарына барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Негізгі назар стихиялық және рұқсатсыз сауда деректерін анықтауға, тауарға ілеспе құжаттардың болуына, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын шекті сауда үстемелерінің сақталуына аударылды.

Тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, кейбір кәсіпкерлердің тиісті рұқсат құжаттарынсыз сауда жүргізгені және тауарға ілеспе құжаттардың болмағаны белгілі болды. Сонымен қатар, баға қалыптастыру тізбегіндегі артық делдалдардың қызметіне де назар аударылды.

Кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларға қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті үстемеақыны асырмау және барлық қажетті құжаттарды қамтамасыз ету қажеттігі ескертілді.

Анықталған құқықбұзушылықтар бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан тиісті шаралар қабылданды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда. Жүргізіліп жатқан шаралар туралы ақпарат апта сайын Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетіне ұсынылатын болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар