Салалық кәсіподақ филиалына – жаңа төраға

ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДА

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының кезектен тыс XXX есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Конференция жұмысына аудандық, қалалық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан сайланған делегаттар, сондай-ақ, республикалық және аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Барлығы 35 делегат қатысып, мұның өзі шешім қабылдау үшін қажетті кворумды қамтамасыз етті.

Конференцияны облыстық кәсіподақ филиалы төрағасының міндетін атқарушы Қабдуәли Құлышев жүргізіп отырды. Отырыс барысында жұмыс органдары – президиум, хатшылық, мандаттық және есеп комиссиялары құрылып, күн тәртібі мен жұмыс регламенті бекітілді.

Күн тәртібі аясында облыстық филиалдың 2025 жылғы желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі қызметі туралы ақпарат тыңдалып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.

Конференция барысында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирболат Жақыпов сөз сөйлеп, кәсіподақтардың еңбек құқықтарын қорғаудағы және әлеуметтік әріптестікті дамытудағы рөліне тоқталды.

Сондай-ақ, Ақмола облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Қали Рахметов сөз алып, өңірдегі кәсіподақ қозғалысын дамытудың өзекті мәселелерін атап өтті.

Конференцияның негізгі мәселесі облыстық кәсіподақ филиалы төрағасын сайлау болды. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының төрағасы болып бірауыздан Қабдуәли Құлышев сайланды.

Сондай-ақ, конференция барысында шығып қалған мүшелердің орнына облыстық филиал Кеңесі мен атқару комитетінің мүшелері сайланды.

Конференцияда сөз сөйлеген басқа да қатысушылар кәсіподақ қозғалысын шоғырландырудың, әлеуметтік әріптестікті нығайтудың және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тиімділігін арттырудың маңыздылығына назар аударды.

Конференция кәсіподақ қызметкерлерін марапаттау рәсімімен аяқталды.

«Арқа ажарының» өзақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар