Еңбек құқықтарын қорғау нақты шешімін табуда

Мемлекеттік қызмет

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті 2025 жылдың қорытындысы бойынша 693-тен астам қызметшінің құқықтарын қорғады және қалпына келтірді.

2025 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қалпына келтіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізді. Ақмола облысының мемлекеттік органдары жүзеге асырған құқық қолдану тәжірибесін тексеру, мониторингтеу және талдау нәтижелері заң талаптарын неғұрлым сақтауға негіз болды. Есепті кезеңде құқықтарды қалпына келтірудің 693 жағдайы тіркелді, оларды бірнеше негізгі бағыттар бойынша жіктеуге болады. Соның бірі – ақшалай құқықтарды қалпына келтіру. Қалпына келтірілген құқықтардың ең көп мөлшері ақшалай төлемдермен байланысты. Жалпы, мемлекеттік қызметшілерге берешектер мен өтемақыларды өтеу есебіне қомақты сомалар аударылды.

Төлемдердің едәуір бөлігі жалақы, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы және онымен байланысты өсімпұлдар бойынша берешекті өтеуге тиесілі болды. Атап айтқанда, Зеренді ауданының бас мамандарының біріне демалыс үшін өтемақы және 211 мың теңгеден астам сомаға өсімпұл бойынша берешек төленді. Демалыс өтемақысы уақытылы төленбегені үшін өсімпұлдың үлкен сомасы ауылдық округтер аппараттары мен облыстық басқармалардың бас мамандарына қайтарылды.

Іссапар төлемдері бойынша да құқықтар қалпына келтірілді. Бұл санаттағы сомалар үлкен. Мәселен, кенттердің бірінің әкіміне қосымша 165 мың теңгеден астам іссапар шығыстары төленді. Сондай-ақ, осы санат бойынша төлемдерді аудандық және ауылдық аппараттардың басшылары мен бас мамандары алды, онда сомалар 160 мыңнан 580 мың теңгеге дейін өзгерді. Кейбір жағдайларда бір қызметші үшін қалпына келтірілген іссапар шығыстарының жалпы сомасы 220 мың теңгеден асты.

Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша негізсіз тәртіптік жазалардың күші жойылып қана қоймай, 325 мың теңгеден астам сомаға бонустар төленген кенттердің бірінің әкімімен болған жағдайды ерекше атап өткен жөн.

Сенбі, жексенбідегі үстеме жұмыс үшін демалыс күндерін ұсыну тұрғысынан жүргізілген қайта өңдеу мониторингі де ондаған қызметшілерге демалу құқығын іске асыруға мүмкіндік берді.

Аудан әкімдіктерінің біріндегі мониторинг 22 қызметкердің үстеме жұмыс сағаттарын анықтады, оларға барлығы 100 сағаттан астам демалыс берілді. Мысалы, мамандардың бірінде үстеме жұмыс көлемі 11,5 сағатқа жетті. Осындай жұмыс аумақтық департаменттер мен инспекцияларда жүргізілді, онда жекелеген қызметкерлерге 6 сағатқа дейін демалыс берілді.

Заңсыз салынған тәртіптік жазалардың күшін жою департамент жұмысының тағы бір маңызды бағыты болды. Тәртіптік практиканы талдау қорытындысы бойынша өткен кезеңдерде қызметшілерді жазалау туралы бірқатар өкімдер жойылды. Осы құқығы қалпына келтірілгендердің қатарында ауылдық округтердің басшылары, сондай-ақ, аудандық бөлімдердің бірқатар бас мамандары бар. Осы орайда, нақты бір мысал, кенттердің бірінің әкімімен болған жағдай. Оған қатысты бірден жаза қолдану туралы екі өкім жойылды. Сонымен қатар, жоспарлы тексеру барысында бірқатар аудан әкімдерінің аппараттарында бөлім басшылары мен мамандарға қатысты жаза қолдану туралы актілер жойылды.

Есепті кезеңде қызметшілердің іріктеуге қатысу және мемлекеттік органның құрылымын өзгерту кезеңіндегі бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жағдайлары да тіркелді. Мысалы, жоспардан тыс тексеру қорытындылары бойынша бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстардың бұрмаланған қорытындылары жойылды, ал, кей жағдайда мемлекеттік органның құрылымы өзгергеннен кейін қызметші негізсіз төмен тұрған лауазымға тағайындалғаны анықталды.

Департаменттің баспасөз қызметі бізге хабарлағанындай, осылайша нақты  жүргізілген жұмыс ондаған мемлекеттік қызметшілердің заңды құқықтарын қалпына келтіріп қана қоймай, мемлекеттік қызметтегі еңбек заңнамасын сақтаудағы жүйелі проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді. Еңбек заңнамасын сақтау жөніндегі бұл жұмыс алда да жалғаса беретін болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар