Астанада ASTANA ECO FILM FESTIVAL халықаралық кинофестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Астанада Өңірлік экологиялық саммит пен RES 2026 EXPO көрмесі аясында экология, орнықты даму және әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне арналған алғашқы халықаралық ASTANA ECO FILM FESTIVAL кинофестивалінің жеңімпаздары марапатталды. Фестиваль 22–23 сәуір күндері өтіп, көрменің мәдени-ағартушылық бағдарламасының бір бөлігіне айналды.

Фестивальге қатысу үшін 6 елден 51 өтінім келіп түсті. Оның ішінен 15 фильм іріктеліп алынды: 12 фильм негізгі байқау бағдарламасына енгізілсе, тағы 3 фильм арнайы көрсетілімдер аясында ұсынылды. Фестивальге халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, бизнес, медиа және сарапшылық қауымдастық өкілдерін қоса алғанда 2 000-нан астам қатысушы мен қонақ, сондай-ақ 1000-нан астам көрермен жиналды.

Кинокөрсетілімдерден бөлек, фестивальдің индустриялық бағдарламасы да өтті. Оның аясында «Eco Filmmaking / Green Storytelling: кино климаттық күн тәртібі мен индустрияларға қалай әсер етеді» атты панельдік пікірталас және «Impact content: қаржыландыруды қалай табуға және халықаралық нарыққа қалай шығуға болады» атты воркшоп ұйымдастырылды. Қатысушылар киноның экологиялық күн тәртібін қалыптастырудағы рөлін, «жасыл» кинопроизводство тәжірибелерін, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік жобаларды халықаралық деңгейде ілгерілету тетіктерін талқылады.

Қазылар алқасының құрамына Орталық Азия елдері мен Әзербайжан өкілдері кірді. Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды: Eco Film Contribution Award — «Кура — мать рек» (Әзербайжан), Best Eco Short Film — «Земля и Луна» (Өзбекстан + Әзербайжан), Best Eco Film — «Мангистау – край океана Тетис» (Қазақстан), Spotlight Award — «Поклонение воде» / Homage to Water (Қырғызстан), Audience Award — «Дети солнца и воды» (Түрікменстан), Best Impact Storytelling Award — King of the Mountains (Тәжікстан).

ASTANA ECO FILM FESTIVAL маңызды экологиялық және әлеуметтік тақырыптарды көтерген фильмдерді бір арнаға тоғыстырып, киноның орнықты болашақ туралы қоғамдық диалог құралы ретіндегі маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Анықтама: Өңірлік экологиялық саммит (RES 2026) — Орталық Азия елдері мен өзге де мемлекеттерді климаттың өзгеруі, су ресурстарының тозуы, табиғи ресурстарды орнықты басқару және басқа да өзекті экологиялық мәселелерді шешу үшін біріктіруге бағытталған халықаралық іс-шара. RES 2026 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында (Қазақстан) өтеді. Саммитке мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, бизнес және ғылым өкілдерінен құралған 1500 делегаттың қатысуы күтіледі.

RES 2026 іс-шарасын БҰҰ-мен серіктестікте өткізу бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы барысында жариялаған болатын.

:
Меруерт Шукуева.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар