«SMART AQMOLA» ЖҮЙЕСІ РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ҮЗДІК AI ЖОБАЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Ақмола облысы жасанды интеллект технологияларын басқару ісіне енгізу бойынша ел көлемінде жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жуырда елодадағы «alem.ai» орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «AI Governance Cup» республикалық байқауының қорытындысы бойынша «Smart Aqmola» ақпараттық-талдау жүйесі «AI Өңір» номинациясында үздік деп танылды. Ауқымды додаға еліміздің барлық аймақтарынан 184 жоба ұсынылып, халықаралық сарапшылардың қатаң іріктеуінен өткен болатын.

Күні кеше Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов та лайықты марапатты Цифрландыру және архивтер басқармасы басшылығына табыстады. Бұл жеңіс өңірдегі цифрлық трансформацияның жүйелі жүзеге асырылып жатқанының және интеллектуалды басқару моделіне нық қадам басқанының айқын көрінісі болып табылады.

«Smart Aqmola» жүйесінің басты артықшылығы оның ауқымды деректерді (Big Data) өңдеу арқылы жедел әрі дәл басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретіндігінде. Жүйе нақты уақыт режимінде тәуекелдерді анықтап, агроөнеркәсіптік сектордағы өнімділікті арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, интерактивті дашбордтар деректердің ашықтығын қамтамасыз етсе, мобильді шешімдер мамандарға тікелей «дала жағдайында» жұмыс істеуге жағдай жасайды.

Бұл жетістік Ақмола облысының заманауи технологияларды игерудегі стратегиялық әлеуетін көрсетіп қана қоймай, болашақтың цифрлық экожүйесін қалыптастырудағы жетекші рөлін айқындап берді.

Бейбарыс ШАЛАБАЕВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар