Astana IT University магистратурасы: цифрлық экономикаға арналған білім

Astana IT University цифрлық экономика, ғылым, бизнес және мемлекеттік басқару салалары үшін мамандар даярлауға бағытталған заманауи магистрлік білім беру бағдарламаларын ұсынады.

Бағыттар қатарында қолданбалы деректер аналитикасы, есептеу ғылымдары, компьютерлік ғылымдар және инженерия, жобаларды басқару, цифрлық мемлекеттік басқару және қызметтер, медиа технологиялар, бағдарламалық қамтамасыз етуді қауіпсіз әзірлеу, қолданбалы жасанды интеллект бар.

Ерекше назар аударуға лайық бағдарламалардың бірі – Креативті индустриялар мектебінде жүзеге асырылатын «Цифрлық бизнес және жасанды интеллект технологиялары» бағдарламасы. Бағдарлама бизнесті дамыту, инновациялық өнімдер жасау және тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау үшін жасанды интеллекттіні, цифрлық құралдарды және аналитикалық тәсілдерді қолдана алатын мамандар даярлауға бағытталған. Оқу үдерісі технологиялық білімді, кәсіпкерлік ойлауды және практикалық бағытты ұштастырады. Бұл қазіргі қарқынды цифрлық трансформация жағдайында аса маңызды.

Astana IT University магистратурасы – өзекті білім алуға, зерттеушілік және басқарушылық құзыреттерді дамытуға, сондай-ақ, цифрлық Қазақстанның болашағын қалыптастыратын кәсіби қауымдастықтың бір бөлігі болуға мүмкіндік.

Жас мамандар үшін Astana IT University магистратурасында оқу кәсіби дамудың кең мүмкіндіктерін ашады. Түлектер IT, цифрлық бизнес, жасанды интеллект, жобаларды басқару, деректер аналитикасы, медиа және мемлекеттік сектор салаларында дами алады. Бұл білім жастарға тек сұранысқа ие мамандық алуға ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның дамуына арналған инновациялық шешімдерді жасауға қатысуға мүмкіндік береді.

Айтолқын САҒЫНБАЕВА,
Astana IT University
 шығармашылық индустрия мектебінің аға оқытушысы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар