Құтты болсын айтамыз!

Әке – біздің асқар тау тірегіміз,

Өмір бойы бағыт берген жүрегіміз.

Тоқсан жасқа келген асыл жанның,

Қуанышы – баршамыздың тілегіміз.

Нұрғасымовтар әулетінде қуанышты мереке! 2026 жылдың 15 мамыры асқар таудай әкеміз, немерелері мен шөберелерінің ардақты атасы Алтай Нұрғасымұлы Нұрғасымов 90 жасқа толады.

Әкеміз 1960 жылы Омбы қаласында ауыл шаруашылығы институтында оқып, жоғары білім алды, мамандығы агроном-экономист. Еңбек жолы бұрынғы Көкшетау облысы, Ленинград ауданында аға агрономнан басталып, бас агроном, совхоздың, элеватордың директоры қызметін 45 жыл бір ауданда абыроймен атқарды.

Осы жылдары шаруашылықтың экономикасына, халықтың әлеуметтік жағдайына, мәдениетіне, жастардың білім алып, мамандық игеруіне көп жағдай жасады. Елдің алғысына бөленді. Еңбегі бағаланып, орден, медальдармен марапатталды. Еңбек және тыл ардагері. Анамыз Райхан Айтмұханқызы 35 жыл мектепте ұстаздық қызмет атқарып, жастарға білім беруде еңбегі сіңген зейнеткер. Әкеміз бен аяулы анамыз төрт бала өсіріп тәрбиеледі, қызық-қуанышын көріп, тоғыз немере, екі шөбере сүйіп отырған бақытты отбасы.

Бәріміздің жоғары біліміміз, атқарып отырған қызметіміз бар. Егеменді елімізге патриоттық сезіммен, адал қызмет ету зор бақыт деп есептейміз.

Есте қалатын қуанышты күні әкеміз бен анамызға зор денсаулық, ұзақ өмір тілей отырып, ұрпақтарының қызық қуанышын көре берсін деп тілейміз. Ел-жұртымыз аман болсын!

Тілек білдірушілер: балалары, немерелері, шөберелері,
ағайын-туыстары мен жолдастары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар