Ақмолалық жас робототехника шеберлерінің жеңісі

Бәрекелді!

Анталия қаласында өткен халықаралық робототехника олимпиадасында ақмолалық жас инженерлер Қазақстан намысын абыроймен қорғады.

Олимпиадаға Әзірбайжан, Грузия, Румыния, Литва, Польша, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан және басқа да елдердің командалары қатысты. Қазақстанның ұлттық құрамасы 84 командадан тұрып, ең ірі делегациялардың біріне айналды.

FIRO 2026 қорытындысы бойынша әртүрлі санаттарда І дәрежелі дипломдарды ақмолалық оқушылар Иманғали Тоқтау, Фархат Лашынтай, Асанәлі Қайролла, Досымжан Құрман, Алаш Махмет және Жанали Тоқтар иеленді. Сондай-ақ, Абылайхан Серік орта жас тобындағы қатысушылар арасында үздік бестіктің қатарына енді.

Сәтті өнер көрсету нәтижесінде Ақмола облысының командасы желтоқсан айында Италияда өтетін олимпиаданың әлемдік финалына жолдама алды.

Айта кетейік, осы жолғы олимпиада робототехника саласындағы әлемдегі ең ірі турнирлердің бірі саналады. 2018 жылдан бері ол технология әуесқойлары, студенттер, инженерлер мен сала сарапшыларының басын біріктіріп келеді. Қатысушылар өз жобаларын таныстырып қана қоймай, әлемдік озық инновациялар туралы көбірек білуге мүмкіндік алады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар