19 шілде – Металлург күні
Қазақстандағы Металлург күні 2003 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген. Бұл мереке жыл сайын шілде айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Металлургтер күні ел экономикасының жетекші салалары-ның бірі, металлургияға қатысы бар мамандардың кәсіби мерекесі.
Экономикасы дамыған мемлекеттер металлургия саласына айрықша мән береді. Өйткені, шойын мен болат өндірісінсіз ғылыми-техникалық прогресті ілгерілету мүмкін емес. Металлургия құрылыс, машина жасау, кеме жасау, ұшақ жасау және басқа да маңызды салаларға қажетті шикізат пен жұмыс материалын береді.
Сонымен қатар, түсті металлургия – елдегі ең көне және жетекші өнеркәсіп салаларының бірі. Бұл саланың дамуы пайдалы қазбалардың мол ресурстарына негізделген және елдің бүкіл өнеркәсіп кешенінің қалыптасуына зор ықпал етеді.
Қазақстанның түсті металлургиясының басты артықшылығы – өзіне тиесілі минералдық-шикізат базасының болуы. Елде түсті металл кендерінің мол қоры бар. Түсті металдар тобына мыс, мырыш, қалайы, қорғасын, сынап кен орындары кіреді.
Сонымен қатар, қымбат металдарды күміс, алтын және басқа да металдар – осмий, палладий, иридий, родий өндіру және оларды қайта өңдеу Қазақстанның алтын-валюта қорын толықтырудың негізгі көздерінің елеулісі. Бұл қымбат металл әлемде ең жоғары бағаланатын өнімдердің бірі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Cурет encrypted-tbn0.gstatic.com сайтынан.
![]()

