Заманауи спорт алаңы тұрғындардың сүйікті орнына айналуда

Өңірлерді дамыту

Степногорск қаласына қарасты Изобильное ауылында барлық жастағы тұрғындардың белсенді спортпен шұғылдануы және бос уақытын тиімді өткізуі үшін жаңа спорт алаңы  іске қосылды.

Мұндай спорттық инфрақұрылымды дамыту және салауатты өмір салтын ұстануға қолайлы жағдай жасау мемлекеттік саясат пен жергілікті атқарушы органдар жұмысының маңызды бағыттарының бірі болатын.

Жаңа спорт кешені бірнеше функционалды аймақтан тұрады. Дене шынықтырумен және спортпен айналысуды ұнататындар үшін заманауи жаттығу құрылғылары мен спорттық элементтермен жабдықталған воркаут алаңы салынған. Ең кішкентай тұрғындарға арналған қауіпсіз әрі заманауи балалар ойын алаңы да орнатылған. Сонымен қатар, шағын футболға арналған көпфункционалды спорт алаңы жұмыс істейді. Бұл жерде тұрғындар жаттығулар өткізіп, спорттық жарыстар ұйымдастырып, бұқаралық іс-шаралар өткізе алады.

Ауыл тұрғындары балаларға, жастарға және ересектерге арналған жаңа қоғамдық орынның пайдалануға берілгеніне ризашылықтары шексіз. Бұл нысан ауыл тұрғындарының бас қосып, уақыттарын пайдалы өткізетін сүйікті орнына айналмақшы.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар