Ұршық иіруден рекорд жасалды!

Қосшы қаласының бес жылдығына орай ұйымдастырылған «Urshyk Party» мәдени іс-шарасы аясында халықаралық рекорд тіркелді.

Шара барысында 567 қыз-келіншек бір мезетте ұршық иіріп, қазақтың дәстүрлі қолөнерін әлемге паш етті. Нәтижесінде Қосшы қаласы GBR (Global Best of Records) халықаралық рекордтар кітабына енді.

– Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық қолөнерді дәріптеу, қазақ халқының мәдени мұрасын кеңінен таныту және жастардың тарихи-мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, – дейді Қосшы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұршық – қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан көне құрал ғана емес, еңбекқорлықтың, бірлік пен ұлттық тәрбиенің символы. Сондықтан бұл бастама рекорд орнатумен қатар, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған маңызды мәдени жоба ретінде ұйымдастырылды.

Осылайша, Қосшы қаласы өзінің бес жылдық мерейтойын халықаралық деңгейдегі жетістікпен атап өтіп, қазақтың дәстүрлі қолөнерін әлемге танытты.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар