Болат жол берік, сапа серік болсын деп…

Еліміздің болат рельстерін бойлай аққан жүк пен жолаушылар ағынының қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз етуде рельс дәнекерлеу кәсіпорындарының атқаратын рөлі ерекше. Осы орайда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының құрамындағы іргелі өндіріс ошақтарының бірі — «Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорны» филиалының тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігі толайым табыстарға толы.

Кәсіпорынның іргетасы 1969 жылы Щучинск қаласындағы щебень зауытының базасында № 41 Бурабай курорты рельс дәнекерлеу пойызы ретінде қаланған еді. Алғашқы жылдары пойыздың жабдықтары теміржол платформалары мен жабық вагондарда орналасып, ұзындығы 800 метрлік ұзынжүйелі рельс бунақтарын тасымалдауға арналған екі рельс тасушы құраммен жұмыс бастады. Сонау сегізінші онжылдықтардан басталған даму жолы 2002 жылы жаңа белеске көтерілді. «Қазақстан темір жолы» басшылығының шешімімен кәсіпорынды қайта құру жобасы жасалып, Францияның «GEISMAR» және Австрияның «LINSINGER» сияқты әлемдік жетекші фирмаларының импорттық жабдықтары сатып алынып орнатылды. Жобаның басты мақсаты — пайдаланылған рельстердің бетін қайта қалпына келтіру бойынша заманауи технологияларды өндіріске енгізу болатын.

Одан кейінгі жылдары рельс дәнекерлеу цехы жаңғыртылып, өндірістік және тұрмыстық ғимараттар жаңартылды. Украинадан өндірілген, компьютерлік басқару жүйесімен және дәнекерлеу параметрлерін тіркеу жабдығымен қамтылған К1000 типті жаңа рельс дәнекерлеу машинасы іске қосылды. Бүгінде мұнда жеті ПРСМ жол машинасы жұмыс істейді. Поезд құрамындағы ДТ-75 тракторлары негізінде электрлік станциялардан тұратын балқытып-дәнекерлеу колонналары магистральды желі Дирекциясының тапсырысымен бұрмаларды, крестовиналарды, рельстің шептерін балқыту және дәнекерлеу жұмыстарын жоғары деңгейде орындап келеді.

Өндірістік әлеуетті арттыруда 2017 жылы Ақтөбе қаласында «АРБЗ» зауытының ашылуы үлкен серпін берді. Өйткені, Бурабай курорты кәсіпорны осы зауыттан шыққан жаңа 100 метрлік рельстерді өңдеп, ұзынжүйелі рельс бунақтарын дәнекерлеуді жолға қойды. Бұл өнімдер Ресей Федерациясынан жалға алынған арнайы рельс тасушы құрамдармен жеткізіледі.

Кәсіпорынның негізгі визит картасы – 800 метрлік ұзынжүйелі рельс бунақтары. Осы өнімнің арқасында жолдағы ақаулар саны азайып, шығындар қысқарды, рельстер мен жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімі ұзарып, пойыз қозғалысының жылдамдығы мен қауіпсіздігі артты. Мұнда 25 метрлік және ұзынжүйелі жаңа рельстерді дәнекерлеуден бастап, ескіжарамды рельстерді жөндеу, өтпелі профильді рельстер жасау, рамалық рельстерді даярлау сияқты оннан астам күрделі жұмыс түрлері атқарылады.

Нәтижесі де көңіл қуантады. Өткен 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорны» өз өндірістік бағдарламасын 100 пайызға толық орындап шықты. Атап айтқанда, жаңа ұзынжүйелі бунақтарды дәнекерлеу, теңестіруші және өтпелі рельстерді дайындау, жолдағы рельстерді ажарлау мен дәнекерлеу жұмыстары белгіленген межеден де асыра орындалды.

Әрине, мұндай ауқымды межелерді бағындыру — білікті мамандардың арқасы. Кәсіпорында түйіспе дәнекерлеу машинасының дәнекерлеушісі, қайшымен және преспен темір кесуші, кран машинисі, тегістеуші, топтаушы, ультрадыбыспен тексеру бойынша ақаутабушы, газбен және электрмен дәнекерлеуші сияқты ондаған арнаулы кәсіп иелері иық тіресе еңбек етуде.

Тоғыз жолдың торабында орналасқан, жарты ғасырдан астам тарихы бар бұл өндіріс ошағы бүгінде ел экономикасының, теміржол саласының сенімді тірегі болып қала бермек.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорны» филиалы 1969 жылы Щучинск қаласындағы щебень зауыты базасында № 41 Бурабай курорты рельс дәнекерлеу поезды құрылған. Поездың жабдықтары теміржол платформаларында және жабық вагондарда орналасқан. Ұзындығы 800 метрлік ұзынжүйелі рельс бунақтарын тасымалдауға арналған екі рельс тасушы құрам құрылған.

1978 жылы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің шешімімен Бурабай курорты станциясының өнеркәсіп аймағында әкімшілік ғимаратқа қосылған негізгі өндірістік ғимарат және қазандық ғимараты салынды. 2002 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы басшылығымен шешім қабылданып Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорнын қайта құру бойынша жоба жасалды. Жетекші әлемдік фирмалардан импорттық жабдықтар, атап айтқанда Франция елінен «GEISMAR», Австрия елінен «LINSINGER» сатып алынып орнатылды. Негізгі мақсат — пайдаланылған рельстердің бетін қайта қалпына келтіру бойынша жаңа технологияларды енгізу еді.

2003 жылы кәсіпорын қайта құрылып, рельс дәнекерлеу цехы жаңғырып, технологиялық желілерді жаңартқан, қосымша өндірістік және тұрмыстық ғимараттар салынған, әкімшілік корпус жаңартылған.

Украина еліндегі Кахов зауытында өндірілген К1000 типті жаңа рельс дәнекерлеу машинасы алынып орнатылған. Бұл машина жаңа тәсілмен дәнекерлейді. Машина компьютерлік басқару жүйесімен және дәнекерлеу параметрлерін тіркеу жабдығымен жабдықталған. Қазіргі уақытта кәсіпорында жеті ПРСМ жол машиналары жұмыс жасайды.

Поезд құрамында ДТ-75 тракторлары негізінде электрлік станциялардан тұратын балқытып-дәнекерлеу колонналары құрылған. Олар магистральды желі Дирекциясының тапсырысымен жол дистанцияларында бағыттамалы бұрмаларды, крестовиналарды, рельстің шеттерін балқыту және оларды механикалық өңдеу, қосқыштарды дәнекерлеу жұмыстарын орындайды.

2017 жылы Қазақстан елінде атап айтқанда Ақтөбе қаласында алғашқы салынған «АРБЗ» зауыты жұмысын бастаған, оның негізгі өнімі ұзындығы 25, 100, 120 метрлік теміржол рельстері. Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорны 2017 жылдан бастап Ақтөбе «АРБЗ» зауытынан жаңа 100 метрлік рельстерден ұзынжүйелі рельс бунақтарын дәнекерлейді. «АРБЗ» зауытынан жаңа рельстер РФ-нан жалға алынған бес ярусты рельс тасушы құрамдармен жеткізіледі.

Рельс дәнекерлеу кәсіпорнындағы мамандықтар: түйіспе (пресспен) дәнекерлеу машинасының дәнекерлеушісі, қайшымен және пресспен темір кесуші, кран машинисі, тегістеуші, топтаушы, ультрадыбыспен тексеру бойынша ақау табушы, рельс тасушы құрамның машинистері, ПРСМ жол машинасының машинистері, жонушы, газбен және электрмен дәнекерлеуші және т.б.

Әртүрлі профильді мамандар оннан артық келесі жұмыс түрлерін атқарады: 25 метрлік рельстерді дәнекерлеу, ұзынжүйелі жаңа рельс бунақтарын дәнекерлеу, ескіжарамды рельстерді жөндеу және бунақтарға дәнекерлеу, өтпелі профильді рельстерді жасау және дәнекерлеу, рамалық рельстерді даярлау және жаңарту. Әрине кәсіпорынның визит картасы ол — ұзынжүйелі 800 метрлік рельс бунақтары. Осы өнімнің арқасында ақаулар саны және оларды жоюға кететін шығындар азаюымен қатар рельстердің қызмет ету мерзімі ұзарады, жылжымалы құрамның және жол элементтерінің тозуы азаяды, қозғалыс жылдамдығы жоғарылайды. Дайын өнім теміржол платформаларымен бағытталған жеріне жеткізіледі. Саны 12 бунақ (6 пар), көлемі 4,8км/п ұзындығы 800 метрлік ұзынжүйелі рельс бунақтарын осы кәсіпорында құрылған рельс тасушы құрамдармен тасымалдайды. Құрамдар жолдағы ұзынжүйелі рельс бунақтарын басқа жерге ауыстыру үшін де қолданылады.

Арман ЕСІМОВ,
«Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорны» филиалының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар