Игі бір іс
Степногорск қаласында қала маңы шағын ауданынан Ақсу өзені арқылы өтетін көпірге дейінгі автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жоба қала тұрғындары мен саяжай иелері үшін көптен күткен маңызды жұмыстардың бірі. Себебі, аталған жолды жөндеу мәселесі ұзақ жылдар бойы көтеріліп келген болатын.
Бұл жобаны бас мердігер ұйым – «ARM CONSTRUCTION GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Жөнделетін жол учаскесінің жалпы ұзындығы шамамен 5 шақырымды, ал, жол жүру бөлігінің ені 6 метрді құрайды.
Жаңартылып жатқан жол жабыны жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, саяжайшылардың өз саяжай учаскелеріне қатынауын жақсартуға және автокөлік жүргізушілері мен қоғамдық көлік үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретіндігі даусыз.
Қазірдің өзінде қала тұрғындары атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын ауызға алып, көптен күткен мәселенің нақты шешімін тауып жатқанына ризашылықтарын білдіруде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Степногорск қаласы.
![]()

