Құрылтай депутаттарын сайлау – ел дамуының маңызды кезеңі

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстанда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Бұл конституциялық өзгерістерді іске асырудың және өкілді биліктің жаңа жүйесін қалыптастырудың маңызды кезеңіне айналатын айтулы қоғамдық-саяси оқиға.

Алдағы сайлау азаматтарға өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асыруға және елдің өкілді органының жұмысына қатысуға мүмкіндік береді. Сайлау үдерісіне саналы түрде қатысу – азаматтық жауапкершіліктің маңызды бөлігі.

«Құрылтай» атауының терең тарихи мәні бар және ол алқалы түрде талқылап, шешім қабылдау дәстүрлерімен тығыз байланысты. Қазіргі Қазақстанда бұл ұғым мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді диалогты дамыту ұмтылысын көрсете отырып, жаңа мазмұнға ие болып отыр.

Жаңа Құрылтайдың алдында заң шығару қызметіне, мемлекеттік бюджет мәселелерін қарауға, өзекті қоғамдық тақырыптарды талқылауға және мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге байланысты маңызды міндеттер тұр.

Осындай жағдайда өкілді органның кәсіби және жауапты құрамын қалыптастырудың мәні ерекше. Елдің әрі қарайғы дамуы қабылданатын шешімдердің сапасына, депутаттардың біліктілігіне және олардың азаматтардың мүдделерін ескере білу қабілетіне тікелей байланысты.

Әрбір азамат саяси партиялармен, олардың бағдарламалары мен ұсыныстарымен өз бетінше танысып, содан кейін саналы таңпы жасау мүмкіндігіне ие. Мұндай тәсіл қоғамның құқықтық және саяси мәдениетін көтеруге ықпал етеді.

Сайлауға қатысу – маңызды қоғамдық-саяси үдерістерден тыс қалмаудың және елдің болашақ дамуына өз көзқарасыңды білдірудің жолы. Белсенді азаматтық ұстаным – мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтатын факторлардың бірі.

23 тамызда әрбір азамат өз конституциялық құқығын пайдаланып, Қазақстанның болашағын қалыптастыруға өз үлесін қоса алады. Сайлауға саналы түрде қатысу – елдің бүгіні мен болашағына деген жауапты көзқарас.

Зәуреш БАШИМБАЕВА,
Есіл аудандық аналар кеңесінің төрайымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар