«Инватакси» қызметі тегін көрсетіледі

Әлеуметтік қорғау

Аудан орталығы Астрахан селосында биылғы жылдың басынан бері мүгедектігі бар азаматтарды тегін тасымалдауға арналған «Инватакси» қызметі жұмысын бастаған болатын.

Бұл бастама мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық өмірге белсене араласуына үлкен жол ашып отыр. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Светлана Вереинаның берген мәліметтеріне сүйенсек, бұл қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік сатып алулар есебінен 2 миллион теңге бөлінген.

– Аудандық аурухананың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының  шешімімен Астрахан селосының мүмкіндігі шектеулі, мүгедектігі бар 16 тұрғынына осы қызметті тегін алуға мүмкіндік берілді, оның 6-уы балалар, – дейді ол.

Енді жоғарыда аталған 16 астрахандық тұрғын қажеттілігіне қарай жергілікті атқарушы органдарға, мәдени-демалыс, дене шынықтыру орындарына, тіпті жұмыстары мен мектеп-балабақшаларына жету үшін осы қызмет түрін тегін пайдаланып жүр.

– Мен мүгедектігі бар баланың ата-анасы ретінде осындай қызметті тегін ұйымдастырған мемлекет басындағы азаматтарға зор алғысымды білдіремін. Менің балам мүмкіндігі шектеулі, ерекше бала. Осы қызметтің арқасында біз медициналық ұйымдарға уақытылы  барып, тексеріліп, өз мәселелерімізді дер кезінде шешіп жүрміз, – дейді Татьяна Бритнер есімді қызмет алушы.

Бұл игі бастама тұрғындардың күнделікті тұрмысын едәуір жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге үлкен септігін тигізуде.

Ы.ШАМШИЕВА.

Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар