«Отбасы болып бірге таңдау жасаған»: Ақмола тұрғындары сайлауға отбасымен келді

Сайлау күні Ақмола облысының бірқатар елді мекендерінде тұрғындар дауыс беруге отбасымен бірге келді. Көпшілік үшін бұл – ел өміріндегі маңызды күнді жақындарымен бірге өткізіп, азаматтық белсенділікті отбасылық дәстүрге айналдырудың бір көрінісі, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Шортанды ауданының Петровка ауылындағы №168 сайлау учаскесіне Садвакасовтар отбасы толық құрамда келіп, дауыс берді. Отбасы мүшелерінің арасында ардагерлер қозғалысына, ауыл шаруашылығына және кәсіпкерлікке қатысты түрлі сала өкілдері бар.

«Біз үшін сайлау учаскесіне отбасымызбен бірге келу маңызды. Әр адам өз таңдауын өзі жасайды. Ал бірге келуіміз – бірлігіміз бен бір-бірімізге қолдау көрсететініміздің белгісі. Ел өміріне бейжай қарамай, маңызды қоғамдық үдеріске қатысуды жөн көреміз», – деді отбасы мүшелері.

Астрахан ауданының Жамбыл ауылындағы №166 сайлау учаскесіне көпбалалы Тауекеловтер отбасы келді. Отбасы мүшелері – Рустем Тауекелов пен «Күміс алқа» төсбелгісінің иегері Мөлдір Тауекелова балаларымен бірге дауыс берді.

«Біз үшін сайлауға отбасымызбен бірге қатысу маңызды. Балаларымызға әр азаматтың өз таңдауы мен жауапкершілігі бар екенін көрсеткіміз келеді. Бүгін өз таңдауымызды жасап, еліміздің болашағына деген сенімімізді білдірдік», – деді Рустем Тауекелов.

Сайлауға бірге келгендердің қатарында бірнеше буыны спортпен айналысатын Савватиевтер отбасы да бар. Отбасы мүшелері спорттағы дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеді.

Вячеслав Савватиев «Хрустальный колос» облыстық қысқы спартакиадасының «Отбасылық старттар» сайысында екі рет, «Ақ бидай» облыстық жазғы спартакиадасында осы бағыт бойынша үш рет жеңімпаз атанған. Сонымен қатар ол «Хрустальный колос» спартакиадасының допты хоккей жарысында бес рет жеңіске жеткен. Жұбайы Юлия да отбасылық спорттық жарыстарға белсенді қатысады. Ал қызы Диана «Хрустальный колос» облыстық қысқы спартакиадасында шорт-тректен жеңімпаз атанған. Спорттық дәстүрді отбасының аға буыны да қалыптастырған – Вячеславтың әкесі допты хоккейден чемпион болған.

Әр отбасының өз тарихы мен өзіндік дәстүрі бар. Садвакасовтарды – әр саладағы еңбек, Тауекеловтерді – көпбалалы отбасының береке-бірлігі, ал Савватиевтерді – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан спортқа деген сүйіспеншілік біріктіреді.

Ал бүгін олардың барлығын ортақ азаматтық ұстаным тоғыстырды. Бірге келген отбасылардың сайлау учаскелеріндегі сәттері ел тарихындағы маңызды күннің шежіресіне еніп, бірлік, жауапкершілік пен ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісіне айналды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар